Ақмола облысында бірнеше жас отбасы үшін сайлау күні бірге қарсы алған маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бірі некесін дауыс беру қарсаңында тіркесе, енді бірі бірнеше күн бұрын ғана шаңырақ көтерген. Бүгін олар сайлау учаскесіне жаңа отбасылық мәртебеде бірге келді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Станислав пен Лаура Сенько некелерін сайлау қарсаңында ресми түрде тіркеген. Бүгін жас жұбайлар сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасау үшін учаскеге бірге келді.
«Біз отбасылық өмірімізді енді бастап жатырмыз. Сондықтан жаңа мәртебедегі алғашқы күндердің бірін бірге өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Бүгін дауыс беріп, өз таңдауымызды жасау үшін бірге келдік», – деді Станислав пен Лаура Сенько.
Сайлауға бірге келген тағы бір жас отбасы – Мұрат Дәуренбек пен Әлия Алтынбек. Олар 2026 жылғы 18 тамызда некелерін тіркеп, бүгін №284 сайлау учаскесіне бірге келді.
Жас жұбайлар үшін бұл – отбасын құрғаннан кейінгі алғашқы ортақ оқиғалардың бірі. Олар дауыс беру рәсімінен бірге өтіп, кейін күнделікті жоспарларын жалғастырды.
Екі отбасы үшін де бүгінгі күн ерекше есте қалмақ. Отбасылық өмірдің басталуына ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысу қосылып, жас жұбайлардың алғашқы ортақ естеліктерінің біріне айналды.
Кеше ғана шаңырақ көтерген жастардың бүгін ел болашағына қатысты өз таңдауын бірге жасауы – отбасылық құндылық пен азаматтық жауапкершіліктің әдемі сабақтастығы.
Дереккөз: aqmolacom.kz
![]()

