Науқан аясында барлық баспа үгіт материалдары – 100 мыңнан астам дана толық көлемде таратылды.
Үгіт кезеңі аяқталғаннан кейін облыстың аудандары мен қалаларында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарда орналастырылған баспа үгіт материалдарын (БҮМ) алып тастау, жинау және кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
Партияның аудандық және қалалық штабтарының өкілдері мен белсенділері көшелерден, нысандардан және басқа да қоғамдық орындардан үгіт материалдарын ұйымдасқан түрде алып, аумақтардың тиісті санитарлық және эстетикалық жағдайға келтірілуін қамтамасыз етуде. Жиналған материалдар кәдеге жаратуға жіберіледі.
Осылайша, Ақмола облысында «Әділет» партиясының сайлауалды науқанының үгіт материалдарын алып тастау бойынша жұмыстың қорытынды кезеңі басталды. Өткізіліп жатқан іс-шаралар республикалық «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі болып табылады және облыс аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
![]()

