Білім беру ұйымдары табиғи газға көшірілуде

Игі бір іс 

Ауданда білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін табиғи газға көшіру маңызды экологиялық әрі экономикалық бастамаға айналып отыр.

2024–2025 оқу жылында мұнда бес білім беру мекемесінің жылыту қазандықтары көмірден табиғи газға көшіріліп, газдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық білім беру мекемесі, Жалтыркөл, Ижев, Түрген орта мектептер мен Бабатай негізгі мектебі осы таза отын көзіне көшті.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында тағы төрт білім беру мекемесін табиғи газға қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта Есілжай бөбекжайын, Жібек жолы мектеп-лицейі мен орта мектебін және аудан орталығының №1 жалпы орта мектебін газдандыру бойынша келісім-шарттар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

– Білім беру ұйымдары жоғары тиімділігімен ерекшеленетін заманауи газ жабдықтарымен жабдықталып жатыр. Жаңа жүйе автоматты режимде жұмыс істеп, оқу жылының өн бойы ғимараттардың біркелкі жылытылуын және білім алушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасалуын қамтамасыз етеді, – дейді бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Жомарт Каирмеденов.

Бұл өзгеріс білім беру ұйымдарын тұрақты әрі тиімді жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоршаған ортаны ластайтын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Ал, бұл осы жаңарту жұмыстарында көзделген ең басты мәселелердің бірі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар