Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – мыңдаған бала мен жас үшін жаңа кезеңнің басталуын білдіретін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары үшін бұл – мектеп өміріне жасалған алғашқы қадам, түлектер үшін маңызды шешімдер қабылдайтын уақыт, ал, педагогтар үшін жаңа оқу жылы мен жауапты еңбектің бастауы.

Бүгінде Ақмола облысында 593 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 36 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Өңірдегі 518 мектепте 141 600 оқушы білім алады. Олардың шамамен 13 мыңы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Облыстағы 27 колледжде 19 мыңға жуық студент білім алады. Жастар 99 мамандық пен 169 біліктілік бойынша сұранысқа ие кәсіптерді меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және кәсіби болашағын қалыптастыруға мүмкіндік алуда.

Ұстаздарға айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – білім берумен қатар, әр оқушыға бағыт-бағдар көрсету, қолдау білдіру және оның қабілетіне сену. Өскелең ұрпақтың болашағы көп жағдайда сіздердің осы еңбектеріңізге байланысты.

Қымбатты оқушылар мен студенттер! Сіздерге қызықты жаңалықтар ашып, жаңа білім игерулеріңізді, жарқын жетістіктерге жетіп, жақсы достар табуларыңызды және өз күштеріңізге сенімді болуларыңызды тілеймін. Жаңа оқу жылы армандарыңызға бастайтын жолдағы тағы бір маңызды баспалдақ болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар