Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын студенттер, интерндер мен резиденттерге тағайындалады.
Сонымен қатар, Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын және Ақмола облысының атынан әртүрлі спорт жарыстарына қатысып, жоғары жетістіктерге жеткен студенттер де (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық немесе халықаралық чемпионаттарда және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар) Ақмола облысы әкімінің стипендиясын ала алады.
Құжаттар 2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 14 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге, тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылған.
Өтінімдер Ақмола облысы ішкі саясат басқарамасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қ.Сәтбаев көшесі, 1 «Б» үй, 2-қабат, 241 бөлме.
Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 40-12-29.
![]()

