Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны WTA рейтингінде көш бастап, «Әлемнің бірінші ракеткасы» атануымен құттықтады.

– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Сөз соңында Мемлекет басшысы спортшыға асулардан таймай, әлемдік аренада жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестігін білдірді.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэнді жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Сурет sport5.by сайтынан

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар