Әсел Шақанқызы Мұқашева «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола филиалында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.
Ол Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдаған.
2012 жылы отбасылық жағдайына байланысты Көкшетау қаласына қоныс аударып, аталған серіктестіктің жүк және қол жүгін қабылдау бөліміне жұмысқа орналасады. Кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында жаңа орында тез танылып, бүгінде осындағы маңызды бөлімнің біріне жетекшілік етіп келеді. Өз міндеттерін орындау барысында ол ұжымдағы қызметкерлердің еңбек тынысы мен қауіпсіздігін жіті бақылап, серіктестіктің жұмыс көрсеткіштеріне елеулі үлесін қосуда.
Өнегелі жанның осы еңбегі лайықты бағаланып, «Теміржол саласындағы мінсіз қызметі үшін», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: Әсел Шақанқызы Мұқашева.
Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.
![]()

