Жарқын бейнесі жадымызда

Тағзым

Халқына еңбегі сіңген адал азамат, жоғары білікті хирург дәрігер, асыл да ардақты нағашымыз Бәйкен Өмірбек Кәкімұлының өмірден озғанына да он жыл уақыт өтіпті. Қашан болсын қарапайым қалпынан айнымай, өмір бойы кіршік шалдырмаған адамгершілік бейнесін асқақ ұстаған, көпке өнеге, жалпақ жұртқа жақсы ісімен мәлім болған нағашымыздың шексіз қамқорлыққа толы жарқын бейнесі туыстары мен жақындарының жүрегінен ешқашан өшпейді. Еске алу сәтіне орай, марқұмның аяулы рухына арналған мына бір жүрекжарды өлең жолдарын қайталап ұсынуды жөн көріп отырмыз

Бар күшіңізді салдыңыз дерттің емін табуға,

Халқыңыздың қамы үшін жаңа диспансер салуға.

Дәлелдеп шықтың жүгіріп, жұқартып жүйке тамырды,

Жақсы адамдар кездесіп, қолдаушылар да табылды.

 

Қазығын қағып алғашқы, іргесін өзің қаладың,

Жұмылдырып ұжымды, басты міндет санадың.

Қолыңнан шипа дарытып, үмітпен жалғап әр күнін,

Қаншама науқастың ұзарттың көрер жарығын.

 

Анашымның аяулы бауыры едің, нағашы,

Нағашылардың өзіңдей биік болсын бағасы.

Алпыс асып кетсем де тірегім едің жанашыр,

Жүрегімнің қазаңнан жазылмайды жарасы.

 

Сен өтер күні түсімде тісім түсіп қалыпты,

Бір сынақтың тұрғаны бізді күтіп анық-ты.

Ақ халатың үстіңде, күміс шашың жарқырап,

Имамның жайлы үнімен ел ұзатып салыпты.

 

Өңге айналып көрген түс, солай болды расында,

Жер қайысқандай есеп жоқ жиналған халық санында.

Сен қайтқанда рұқсаттың кездейсоқ па келгені,

Диспансердің жанынан жайлы емхана салуға.

 

Кездейсоқ емес, әрине, жылдар бойы ізденген,

Еңбегің ол дамылсыз, Алламенен еленген.

Өзің салған диспансер өз атыңмен аталар,

Халқыңнан солай зор кұрмет Сендей жанға жасалар!

 

Құдай қолдап, Алла жақ болып, орның жұмақтың төрінде болсын, нағашы. Еске алу асы қабыл болсын.

Жиендері: Баян, Айжан, Нұрзағи.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар