Тағайындаулар
Степногорск қаласына әкім болып тағайындалған Талғат Аманбайұлы Ерсейітов 1974 жылғы 15 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданының Астраханка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын осы ауданда жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде бастады. 2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, ал, 2012-2017 жылдары осы ауданның әкімі болды.
2017-2019 жылдары Есіл ауданының әкімі, 2019-2023 жылдары Бұланды ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2023 жылдың қарашасында қайтадан Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалып, осы лауазымды Степногорск қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін атқарды.
***
Аршалы ауданына әкім болып тағайындалған Асхат Мұратбекұлы Ахмедьянов 1992 жылғы 29 мамырда Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының Комсомол ауылында дүниеге келген.
2013 жылы «Тұран-Астана» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2014–2017 жылдары Атбасар ауданы Новоалександров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, ал, 2017 жылы осы ауданның Бастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.
2017–2019 жылдары Атбасар ауданы Покров ауылдық округінің әкімі, 2019–2021 жылдары Атбасар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.
2021–2023 жылдар аралығында Атбасар ауданы Макеев ауылдық округінің әкімі, ал, 2023–2026 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметінде істеді.
Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.
***
Астрахан ауданына әкімі болып тағайындалған Берген Жұмкей 1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген.
2007 жылы «Көкше» академиясын «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Көкшетау қаласы бойынша «ХҚКО» ММ филиалының инспекторы болып бастады. Одан әрі Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Шортанды кентінің әкімі болды.
2011-2018 жылдар аралығында Шортанды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы сияқты әртүрлі қызметтер атқарды.
2018-2021 жылдары Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.
2021 жылғы тамыздан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
![]()

