Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасына – жаңа басшы

​Жұмыс сапары

​Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесті. Сапар барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының ұжымына жаңа басшы Ақылбек Смағұловты таныстырды. Сонымен қатар, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

Қазақстандағы керамикалық кірпіш шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі «Енки» ЖШС индустрияландырудың айқын үлгісі. Оның өндірістік желілері заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, ал, зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 60 миллион дана шартты кірпішті құрайды. Зауыт жергілікті саз балшықтан алынатын өз шикізатымен жұмыс істейді, бұл өнімнің жоғары сапасын, беріктігін және экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. «Енкидің» керамикалық және қаптағыш кірпіштері бүкіл еліміз бойынша ірі құрылыс нысандарына жеткізіледі, сондай-ақ, шекаралас өңірлерге де табысты экспортталады.

Осыған орай, Мұратбек Маханов автоматтандырылған технологиялық циклдің шикізатты дайындаудан бастап дайын материалды күйдіру мен тиеуге дейінгі барлық кезеңдерімен егжей-тегжейлі танысты. ​Сонымен бірге, бірегей ағаш өңдеу кәсіпорны «Блэк» ЖШС-ында болды. Бұл жерде заманауи технологиялар қазақтың ұлттық қолданбалы өнері дәстүрлерін жаңғыртумен жарасымды ұштасқан.

​Компания өнімдері Ақмола брендіне айналғаны қашан, олар облысымыздан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Шеберлер бағалы ағаш тұқымдарынан домбырадан бастап басқа да эксклюзивті ұлттық бұйымдар мен жиһаздар, ағаш астау, тегене, кесе, ожау сияқты ыдыстар жасайды. «Блэк» бұйымдары көркемдік орындалуы және экологиялық тұрғыдан жоғары бағаланады, сонысына қарай ресми әрі дипломатиялық сыйлықтар ретінде ұсынылады.

​Мұратбек Маханов көкшетаулық өндірушілердің өнімдеріне үлкен қызығушылық танытып, компанияның отандық брендті дамытуға әрі мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесін жоғары бағалай келе, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Осыған жекелей тоқталсақ, жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге жәрдемдесу, сату арналарын кеңейту, тауарларды республикалық деңгейде ілгерілету және оларды жаңа нарыққа шығару мәселелерімен егжей-тегжейлі айналысу тапсырылды.

​Сол күні «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовтің қатысуымен өткен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысты. Кездесу аясында қатысушылар Щучье-Бурабай курорттық аймағында болып, бірқатар туристік нысандарды аралады және өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша басты міндеттерді талқылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар