Бүгін Орталық аудандық кітапханада Есіл ауданы кітапхана қызметкерлерінің семинары өтті. Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтарды қарастырып, олардың еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру, энергетика, өнеркәсіп, құрылыс салаларын өркендету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кітапхана қызметкерлері алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жауапкершіліктің, кәсібиліктің және қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар кітапханалардың ағартушылық бағыттағы, шынайы ақпарат алмасу және азаматтық белсенділікті қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық алаң екені айтылды. Осындай кездесулер мен пікір алмасулар арқылы тұрғындар мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын тереңірек түсініп, олардың әрбір өңір үшін маңызын ұғына алады.
Семинар ашық диалог және пікір алмасу форматында өтті. Мұндай іс-шаралар мамандардың ақпараттану деңгейін арттыруға, елдің дамуы мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерді ортақ түсінуге ықпал етеді.
Орталық аудандық кітапхана басшысы Омарова Алма Бакеновна.
![]()

