Конференция
Жуырда Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға арналған «Отбасы болу өнері: тыңдау, түсіну, қолдау» тақырыбында конференция өткізілді.
Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы аудандық білім бөліміұйымдастырған конференцияның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және осы бағытта тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісу болып табылады. Іс-шараға ата-аналар, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.
Конференция «Қолдау көрсету», «Тыңдай білу», «Түсіну», «Жанында болу» сияқты төрт секциядан және пленарлық бөлімнен тұрды.Әр секцияда спикерлер тақырыпқа сәйкес шеберлік сабақтарын, интерактивті сабақтар мен тренингтер өткізді.
Сонымен қатар, қатысушыларға бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің маңыздылығы түсіндіріліп, тиімді тәрбиелік әдістер ортаға салынды. Мектебіміздің психологы А.Мұрат «Бақытты бала – мейірімді отбасы» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби білімділік көрсеткені үшін Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының басшысы С.Шөкімованың атынан сертификатпен марапатталды.
Осындай мазмұнда өткен әсерлі конференция отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіне титтей болсын, өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
Еркін АХМЕТ,
Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Шортанды ауданы.
![]()

