Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Макинск құс фабрикасы өз жұмысын бастады - АРҚА АЖАРЫ

Макинск құс фабрикасы өз жұмысын бастады

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бұланды ауданындағы өндірістік қуаты жылына 25 000 тонна болатын құс етін өндіретін құс фабрикасының бірінші кезегінің іске қосылу рәсіміне қатысып, кәсіпорын лентасын қиды. Жобаның жалпы құны 45,6 миллиард теңге болса, бірінші кезегін іске қосуға 33,5 миллиард теңге жұмсалған. Қажет қаржының жартысынан астамын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ берсе, қалғанын осы жобаның бастамашысы «Aitas KZ» АҚ салып отыр.

Облыс басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында құс еті өнімдерін өндіруде Ақмола облысы елімізде екінші орында тұрғандығын, құс жұмыртқасымен бүгінгі күні Елорданы толық қамтамасыз ететінін атап өтті. Макинскідегі құс етін өндіретін фабриканың іске қосылуы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуына үлкен серпін беретін ірі жоба болып саналады. Облыс бюджетіне салық түрінде қомақты ақша түсіріп, қосымша жұмыс орындарын ашады.
Атап өту керек, бұл еліміздегі құс шаруашылығын дамыту бағытындағы ең көп қаржы салынған ірі жоба саналады. Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі тоғыз өндірістік алаңды, соның ішінде инкубаторды, әрқайсысы он екі құс қорасынан тұратын 4 бройлерлік бөлімді, құс өндіру зауытын, компост желіні, қосалқы алаңды, азық өндіру цехын қамтиды. Қазіргі уақытта инкубатор жұмыс істей бастады. 6 қазанда алғашқы жұмыртқа алына бастамақ.
2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін Макинск құс фабрикасы сағатына 9 000 бройлер өңдеу қуатымен құс етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азия аумағындағы ең ірі кәсіпорынға айналады. Фабрика өндіретін негізгі өнім – бройлердің салқындатылған еті. Екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін кәсіпорынның қуаты Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне деген сұранысын 15 процентке дейін қанағаттандырады. Бұл өз кезегінде құс еті өнімі импортының үлесін қазіргі 50,4 пайыздан 32,6 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін болады. Макинск құс фабрикасының өнімі негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарына және Астана мен Қарағанды қалаларына шығарылатын болады. Кәсіпорын осы аталған аймақтардың құс етіне деген сұранысының 60 пайызын қанағаттандырады деп жобалануда.
Құс фабрикасының аумағында орналасатын барлық ғимараттардың жалпы көлемі
227 366,88 шаршы метрді құрайды. Биоқауіпсіздік және экологиялық өндіріс талаптарын сақтау мақсатында кәсіпорында инкубациялық өндіріс, құс сою және ет-сүйек ұнын өндіру сатыларында энергия үнемдейтін жоғары технологиялық жабдық пайдаланылмақшы.
Осы күні құс етінен кәуап дайындау бо-
йынша Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген айтулы шара өтті. Ұзындығы 222 метрлік құс еті кәуабы дайындалды. Айта кету керек, бұған дейінгі рекорд Ресейде жасалған болатын. Ресейліктер 117 метрлік кәуап пісірген еді. Осылайша Макинск құс етін өндіру фабрикасының ашылу салтанаты тарихи оқиға ретінде еліміздің шежіресіне жазылып қалатын болды.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар