Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсыдағы Сергей Чепурнойдың астығы биыл да жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Жақсыдағы Сергей Чепурнойдың астығы биыл да жақсы

«Запорожье» серіктестігінің директоры Сергей Чепурной өңірдің барлық жерінде жаңбыр жауса да өздерінде құрғақшылық болғанын айтады. Соған қарамастан егіншілік мәдениеті жоғары серіктестікте астықтан мол өнім жиналып жатыр. Ауа райының ерекшеліктеріне қарамастан диқан қауымы әр түйір дәнді ысырапсыз жинап алуға барлық күш-мүмкіндіктерін жұмылдыруда.

–Егіннің масағы толық қалыптасқан кезде жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығы астықты жинап алуға мүмкіндік бермей отыр. Бұған қарамастан ашық күндерді пайдаланып, 40 мың гектар алқаптағы астықтың 80 пайызын жинап алдық. Негізінен бидайдың арнайы сұрпы мен майлы дақылдар себеміз. Гектар түсімі 12 центнерден айналуда. Бұл көрсеткіш биылғы жыл үшін жаман емес,–дейді серіктестік директоры. «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі
Дастан Көшекбаев қырманнан элеваторға астық тасымалдап, ауысымдық нормасын екі есе орындауда. Бұл күндері орталық қырманның меңгерушісі Дулат Сыздықов пен астық тиеуші Владимир Передеридің жұмысы көбейген. Қырмандағылар қабылданған астықты өңдеп, астық қоймасына тасымалдауда.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретте: жүргізуші Д.Көшекбаев, шаруашылықтың бас инженері П.Костыля және қырман меңгерушісі Д.Сыздықов астық жөнелту жөнінде кезекті тапсырма беруде.
Суреттерді түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар