Бұл да клиент тартудың «жаңа тәсілі» болса керек. Қаланың қақ ортасында төңкеріліп тұрған жарнамаға көз салғандардың осылайша ой топшылайтыны сөзсіз.
Облыс орталығындағы Еркін Әуелбеков көшесінің бойында тұрған билбордтағы такси қызметінің жарнамасындағы 722227 телефон сандары мен такси тайм сөздері төңкеріліп тұр. Мұны көрген әр адамның әрі-сәрі күйге түсері анық. Жұртты таңқалдырудың түрлі әдісін ойлап табатындар «атың шықпаса, жер өрте» мақалын кәдімгідей қағидаға айналдырғандай.
Көше бойындағы анадайдан мен мұндалап тұратын кейбір жарнамалардағы әріп қатесі мен шала-жансар аудармаға көзіміз де, етіміз де үйреніп кетіп еді, енді бара-бара мынадай «мені көріңдер» деп төңкеріліп тұрған жарнамаға да таңқалмайтын шығармыз.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.