Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік нысандар айрықша назарда ұсталады - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік нысандар айрықша назарда ұсталады

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин партияның облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады және «Skype» байланыс арқылы да азаматтар өз өтініш-тілектерін айтып, жауаптар алды.

Алғашқы болып Алматы қаласының тұрғыны Ақбота Жүнісованың сенімді өкілі Мұрат Нұрбаевтың өтініші тыңдалды. Оның айтуы бойынша А.Жүнісованың әкесі, халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің Көкшетау қаласындағы Ш.Құдайбердиев көшесі 35 үйдің жанындағы гараж орнатылған жерді көршілері өз бетінше иеленіп алған. Бұл мәселе бойынша облыс әкімінің атына жазбаша шағым түсірілген.
Партияның облыстық филиалының төрағасы М.Мырзалин бұған қатысты Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Смайыловтың түсінігін тыңдады. ҚР Азаматтық Кодексінің 7-бабы бойынша бұл мәселе сот арқылы шешілуі тиіс және аталған Кодекстің 9-бабына сүйене отырып А.Жүнісова сотқа жүгінуге құқылы.
Одан кейін скайп-қабылдау түрінде Аршалы кентіндегі №2 орта мектептің қамқоршы кеңесінің төрайымы Оксана Васильевна Балашова аталған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінуін сұрады.
Бұл өтінішке байланысты жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткені хабарланды. Осының негізінде облыстық білім басқармасына 292,7 миллион теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс берілген.
Ақкөл ауданындағы Барап ауылының зейнеткері де тікелей байланыс арқылы жергілікті сумен қамту жүйесін күрделі жөндеуге қаржы қажеттігін жеткізді.
Облыс әкімі тарапынан 2017 жылдың 10 желтоқсанында 1,3 миллион теңгенің жобалау-сметалық құжаты жасалып, мақұлданғаны және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасына 134,1 миллион теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс берілгені айтылды.
Дәл осы мазмұндағы өтінішті скайп-қабылдау түрінде Астрахан ауданындағы Жалтыр ауылының тұрғыны Фарид Сүлейменов хабарлады. Онда Жалтыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 50 жылдан бері жөндеу көрмегені айтылды.
Өңір басшысы М.Мырзалин бұл емдеу мекемесінде болғанын, жағдайдан хабардар екенін айтты. Аталған мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына 133,8 миллион теңгенің бюджеттік тапсырысы беріліпті. Өтініш беруші оң шешім үшін алғысын білдірді.
Атбасар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кенжеғали Қашқымбаев аудандық орталық кітапхана күрделі жөндеуге зәру екендігін жеткізді.
Бұл жөнінде де жобалау-сметалық құжаты дайындалып, Атбасар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ мақұлданғаны белгілі болды. Бұл іске 14,1 миллион теңге қаржы керек көрінеді. Жалпы бұған қатысты мәселе пысықталу үстінде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар