Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі - АРҚА АЖАРЫ

Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздікті жариялаған тұста «Ең бірінші кезекте экономика, сосын саясат» деп, дамудың алғышарттарын кезегімен іске асыруды тұжырымдаған болатын. Елдің әл-ауқатын, экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін көреген даналықпен, сарабдал саясатпен жолға қоя білген Елбасы, бүгінде халқымыздың рухани өмірінде бұрын-соңды болмаған тың бастамалар көтеруде. Президент 2012-ші жылғы Жолдауында еліміздің латын графикасына қайта оралуы жайлы ұсыныс жасап, ол бастама бүгінде қолданысқа ене бастады. Ұлт Көшбасшысының қазақстандықтардың қоғамдық санасын қайта қалыптастыру мақсатында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы тұтастай мемлекеттік бағдарламаға айналып, қазір ел игілігіне қызмет етуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қалың оқырман қауымға ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы қоғамдық жаңғыру қағидасының жалғасы болып табылады.
Руxани жаңғыруды жеделдету нысанасындағы тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың нақты жолдары да көрсетілген.
Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақала Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз.
Біз кездейсоқ пайда болған, әлемдік кеңістікте стихиялы түрде қалыптасқан ұлт емеспіз. Біз мыңдаған жылдар бойы адамзат өркениетінің қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, үлкен әлемдік тарихи оқиғалардың ортасында болдық. Біз Жібек Жолының бойында емес, біз Жібек Жолының тоғысқан орны болдық. Батыс пен Шығыс арасындағы өркениеттерді байланыстырдық. Сол арқылы қазақ мәдениеті өз алдына бөлек өркениет болып қалыптаса алды.
Қазақ мәдениеті әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, өзегі. Сондықтан, түркі мәдениеті, ислам мәдениеті, көшпелі мәдениеттердің эпицентрінде болған қазақтың бай мәдениетінің орнын анықтауымыз қажет. Музей қызметкерлері бұл мақаланы ерекше ықыласпен қабыл алып, еңбек майданында қолданысқа енгізу үшін жұмысқа білек сыбана кірісіп отыр. Мұнда еліміздегі бірегей музейдің өзіндік үлесі болатындығы анық.
Нұрбек Нұралы,
Ақмола облысы әдебиет және өнер
музейінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар