Батырлар туған бақ мекен

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткізілген «Ұлы даланың батырлық рухы» атты танымдық шара оған қатысқан жұртшылықтың зор қанағат сезімін туғызды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғанындай төл тарихымызды білу арқылы болашаққа қадам жасау қажет. Ол үшін көне тарихтың беймәлім сырларын әлі де зерделеу керек болса, сол бағыттағы қадамдарға барып отырған музей қызметкерлерінің игі істерін жөн деп санаймыз. Зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің директорлары мен қызметкерлері, Кенесары ханның үзеңгілес серіктерінің бірі болған Баубек батырдың ұрпақтары, мектеп мұғалімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан шараның модераторы Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек «Ұлы даланың батырлық рухы» атты шараның қазіргі уақыттағы мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Ал, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы Жабал Ерғалиев өзінің құттықтау сөзінде «Біз үшін Тәуелсіздіктен артық қасиетті ұғым жоқ екендігін, сол ел тәуелсіздігінің арқасында батыр бабаларымызды тани бастадық. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төл тарихымызды тереңірек зерделеудің тың міндеттерін алға тартып отыр» деді.
«Батырлар туған бақ мекен» жобасының жылдық есебімен Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова таныстырды. Осы шарада «Баубек батыр» деректі фильмінің тұсаукесері жасалып, ол көпшіліктің назарына ұсынылды және музей қызметкерлерінің құрастыруымен жарыққа шыққан «Жақсының жақсысы Баубек батыр» атты кітаптың таныстырылымы болды. Осы деректі фильм жайлы пікір айтқан Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл бұл туынды теледидар арқылы көпшілікке көрсетілуі қажет деген ой айтты. Шарада сөз сөйлеген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстазы филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аманай Сейітқасымов, Баубек батырдың ұрпағы Әбілмәжит Исмағұлов сөз сөйлеп, «Баубек батыр» деректі фильміне оң бағаларын беріп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызының ерекше екендігін атап көрсетті. Игі шара әнші Фархад Сағымбаевтың орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар