Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киелі өңірдегі көшпелі мәжіліс - АРҚА АЖАРЫ

Киелі өңірдегі көшпелі мәжіліс

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Бурабай ауданында сараптамалық Кеңестің көшпелі мәжілісін өткізді. Келешек ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде ұлттық маңызы бар қасиетті де киелі мекендердің орны ерекше. Солардың бастысы, әрі бірегейі ұлттық тарихымызда айрықша орын алатын ел жадында жер жаннаты аталып кеткен, өз бойында тарих пен шежірелі аңыздарға толы бай өлке – қасиетті Бурабай өңірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туған жердің тарихын терең білумен қатар, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайтынын ерекше атап көрсеткен болатын.
Тарих шерткен сырға құлақ түрсек, халқымыз сөз бастаған шешендерден, жол бастаған көсемдерден, қол бастаған батырлардан кенде болмағаны белгілі. Ел бірлігіне, оның тұтастығына қалтқысыз қызмет етіп, басты құндылығымыз тәуелсіздікке жетуді өмір бойы аңсап өткен бабаларымыздың ұлы арманы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік саясаты, кемел басшылығы арқасында жүзеге асырылып, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты бағдар етіп келеміз.
Бүгінде тарих жылнамаларында есімдері алтын әріптермен жазылған қаhарман бабаларымызды, біртуар тұлғаларды ұлықтау, танып-білу, олардың ғибратқа толы ерлік істері, биік рухтары арқылы жас буын бойында отаншылдық, қазақстандық патриотизм қасиеттерін орнықтыру асыл парыз болмақ.
Елбасы мақаласы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу», – деген ұстаныммен сананың жаңғыруы жолында атқарылар міндеттерді айқындап берген тарихи құжат болғаны шындық. Осы стратегиялық маңызды құжат аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы әкімінің өкімімен өңірлік сараптамалық кеңесі құрылған болатын. Сараптамалық кеңестің құрамында Көкшетаудың құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар бар.
Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты – Ақмола облысы бойынша реестрге енген жобаларды сараптау, өлке тарихын танып-білу, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Ғылыми шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, университет ғалымдары, сараптамалық кеңестің мүшесі Ғосман Төлеғұл, Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов пен аудан активтері, мектеп директорлары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Ауданда жаңадан ашылған №7 мектеп-лицейінде Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов және аудандық мектеп директорлары мен білім алушы түлектер университет ғалымдарын қарсы алып, мектептің жай-күйімен таныстырды.
Кездесу барысында білім ордасының оқу-тәрбие жүйесі де таныстырылды. Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті, өлкетану музейі ашылып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Бір сөзбен айтар болсақ, мектепте ұлттық нақыштардың бәрі қамтылған.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев ұстаздар мен оқушылар алдында университет туралы айта келе, жастарды сапалы білім алып, жақсы мамандық таңдауға шақырды. Сондай-ақ, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Айгүл Жақыпова, филология және педагогика факультетінің деканы Айнагүл Есмағұлова, тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Арман Хабдуллин, университет жанындағы көпсалалы колледждің директоры Рысбай Уәйісов, ардагер-ұстаз Тыныштық Ахметовалар сөз сөйлеп, білім алушы түлектерге университет жайлы толық ақпарат берді.
Одан кейін әкімшілік ғимаратында аудан активімен кездесу өтті.
Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, Бурабай аудандық білім бөлімінің жетекшісі Жангелді Төлегенов «Тәрбие және білім», аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Дина Қарсыбаева «Рухани қазына» бағыты бойынша ауданда атқарылған іс-шаралар туралы баяндады.
Шара барысында Ақмола облыстық сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары, университет проректоры Аманай
Сейітқасымов, Аманжол Есмағұлов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өрістету жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Кеңес отырысында Бурабай ауданы әкімдігі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастықты нығайту жөнінде меморандумға қол қойылды.

Айдар Қожабаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар