Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сал-серілер» сериясымен жарық көрген «Ақан сері» кітабының тұсаукесер рәсімі Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті. - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сал-серілер» сериясымен жарық көрген «Ақан сері» кітабының тұсаукесер рәсімі Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті.

 Оған өңіріміздің зиялы қауым және БАҚ өкілдері мен студент жастар қатысты.

Жиынды ашқан Қуаныш Оспан тұсаукесердегі алғашқы сөзді Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Рүстем Бикеновке берді. Рүстем Төлегенұлы қазақ халқының біртуар ұлы Ақан серіге арналған шығармалар қатары бүгін мазмұны терең жаңа туындымен толып отыр дей келе, әдеби кеш барысында ұрпаққа рухани азық болар құнды дүниелерді құрастырып, сері бабаның өлеңдері мен айтыстарын топтастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург Жабал Ерғалиевке алғысын білдірді. Жиында мемлекет және қоғам қайраткері, аталмыш кітаптың құрастырушысы Жабал Ерғалиев жаңа жинақ жайында әңгімелеп берді.
– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, бұл іс Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің тікелей бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылды. Биылдың өзінде облыс басшысының қолдауымен академик, батыр әрі ғалым Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдығы, «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі», «Жер жәннаты Ақмола» фотоальбомдары, Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманайы» Лондонда ағылшын тілінде, тарихшы Қадыржан Әбуевтің ғылыми-зерттеу кітаптары жарық көріп, оқырмандардың ықыласына бөленді. Менің де «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» атты Елбасы жайлы кітабым облыс әкімінің қолдауымен басылып шықты. Облыс әкімінің тапсыруы және қолдауымен «Сал-серілер» кітапханасы сериясымен Көкшетау мен Қараөткел өңірлерінің сал-серілерінің мұраларын жинақтап кітап шығаруды қолға алдық. Әрине, даланың дархан дүлділі туралы аз айтылған, аз жазылған жоқ. Ақан серінің өмірі сезім мен махаббат тұнған сыршыл өмір, сондықтан да, оның ғұмыр жолы қашан болсын өзінің сұлулығымен, тылсым сырымен ұрпақтың жүрегін жаулайтыны даусыз. Біздің ендігі міндетіміз – бабаларымызды, тарихымызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді тану арқылы жарқын болашаққа, мәңгілік елдің мәңгілік тарихын, мәңгілік мұрасын жеткізуге,– дей келе, осы игі бастамаға қолдау білдірген облыс басшысы Мәлік Мырзалинге шынайы алғысын білдірді.
Тағылымды кеште ел ағасы Шияп Әлиев, Иран сал Тасқара, Мейрамбек Қиықов, ғалым, әдебиетші Мұсатай Ғалым, ақын Құдайберлі Мырзабек, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ақмарал Қоңырқызы және тағы басқалары сөз сөйлеп, кітаптың құндылығы хақында өз ойларын ортаға салды.
Әдеби кеште облыстық филармонияның әншілері әуелете ән шырқап, жиналған жұрттың көңілін серпілтті. Тағы бір айта кетерлігі жастар Ақандай өр тұлғаның өмірі мен шығармашылығын паш етер кітап көрмесінен мол мағлұмат алды.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар