Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы тапсырды. Баға төмендеді - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы тапсырды. Баға төмендеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылдың 7 қарашасында тарифті қалыптастыру мәселесіне арналған өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында коммуналдық қызмет ақыларын төмендетуге қатысты бірқатар нақтылы тапсырмалар берген болатын.

Елбасының тапсырмасына сай облысымызда тарифті қалыптастыруды бақылау бойынша облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің 2018 жылдың 23 қарашасындағы өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобы мен облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бас-тап коммуналдық қызметтер ақысы төмендетіліп отыр.

«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнында қосымша құн салығын есептегенде 36 пайызға төмендетілген уақытша мөлшерлі өтемақы тарифі бекітілді. Енді 1 шаршы метр үшін төлемақы 130 теңгенің орнына 82,21 теңге болды. «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны тарифті 5 пайызға төмендетті. 1 текше метр судың бағасы 147,75 теңгеден 140,32 теңге төмендеді.
«Көкшетау энерго орталығы» электр қуатының ақысын 3,1 пайызға төмендетіп, тұрғындар үшін электр қуатының 1 кВт-ның құны 16,11 теңгенің орнына 15,11 теңге болды. Ал, «АРЭК-Энергосбыттың» тариф» 7,8 пайызға арзандап, 1 кВт құны 17,37 теңгеден 16,02 теңгеге арзандады.

Степногорск қаласында тарифті төмендету жылу энергиясы және су шаруашылығы жүйесінде жүзеге асырылуда. Бұл қала тұрғындары үшін электр қуатының тарифі 10 пайызға төмендеп, 1 кВт құны 11,96 теңгені құрады. Бұрын қала бойынша 1 кВт бағасы 13,44 теңге болған еді.
«Степногорск – су арнасы» коммуналдық шаруашылығы да ауыз су ақысын 6,2 пайыз, қалдық суды ағызу ақысын 7,85 пайыз және қалдық суды тазарту ақысын 7,95 пайызға төмендетті. «Степногорск Энергосбыт» қызмет ақысын 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 6,42 пайызға төмендетіп отыр.

Нақтырақ айтсақ, Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау жылу» коммуналық кәсіпорнында қосымша құн салығын есептегенде 36 пайызға төмендетілген уақытша мөлшерлі өтемақы тарифі бекітілді. Яғни, 1 шаршы метр үшін төлемақы 130 теңгенің орнына 82,21 теңгені құрайды. Ал, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны ауыз суы мен сарқынды суға тарифті 5 пайызға төмендетті. Осылайша баға 1 текше метр су үшін 147,75 теңгеден 140,32 теңге төмендеді.
Сонымен қатар, жалпы көлемі 1,5 миллиард теңге болатын өтемақы тарифтері өзге табиғи монополия субъектілеріне де енгізіліп отыр. «Көкшетау энерго орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр қуатының ақысын 3,1 пайызға кемітті. Яғни, тұрғындар үшін электр қуатының 1 кВт-ның құны 16,11 теңгеден 15,11 теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ, «АРЭК-Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін алатын тұтынушыларға тариф 7,8 пайызға арзандап, 1 кВт құны 17,37 теңгеден 16,02 теңгеге арзандады.
Степногорск қаласында тарифті төмендету жылу энергиясы және су шаруашылығы жүйесінде жүзеге асырылуда. Мәселен, қала тұрғындары үшін электр қуатына тариф 10 пайызға төмендеп, 1 кВт құны 11,96 теңгені құрады. Бұрын қала бойынша 1 кВт бағасы 13,44 теңге болған еді. Бұған қоса, «Степногорск – су арнасы» коммуналдық шаруашылығы ауыз су ақысын 6,2 пайыз, қалдық суды ағызу ақысын 7,85 пайыз және қалдық суды тазарту ақысын 7,95 пайызға төмендетті. «Степногорск Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұтынушылары қызмет ақысын 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 6,42 пайызға төмендетілген бағамен төлейтін болады. Жалпы, департамент қысқа уақыттың ішінде облыс бойынша коммуналдық қызметтер тарифін 2,5 миллиард теңгеге төмендете алды. Осы орайда, бір айта кетерлігі тарифтерді төмендету қызмет сапасы мен инвестициялық міндеттемелерінің көлеміне әсер етпеуі тиіс.
Әсет ҚҰРАШЕВ,
Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар