Қатерге қарсы тұруда

Сәуір айының соңында жаңбырдың мол жаууынан Целиноград ауданындағы Оразақ ауылының маңындағы уақытша төселген бөгет бұзылды.

367 тұрғын үйі бар Оразақ ауылының 178-ін
топан су басып қалды. Саманнан салынған 18 үй бұзылды. Әншейінде апат айтып келмейді дегенімізбен бұл жолғы қауіп-қатер күні бұрын белгілі болған еді. Ауылдағы 212 тұрғын үй мен орта мектеп су басып қалу қаупі бар қатерлі жерге орналасқан.
Су тасуы мүмкін екендігін күні бұрын білген жергілікті атқару органдары мен құтқару қызметі 150 үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген болатын. Соңғы су тасқыны орын алған күні 460 адам туыстарының үйлеріне және Ақмол ауылындағы орта мектепке көшірілді.
Жергілікті билік қол қусырып қарап отырған жоқ. Табиғаттың тосын мінезіне табандылық танытып алысуда. Қазір ауданда құтқару қызметі жұмыс істеуде. Дәрігерлік топтар жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуде. Су басқан үйлердің жағдайы сарапталып, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар ыстық тамақпен қамтылуда. Ауыл тұрғындарының жеке мал-мүлкі де апат аймағынан шығарылды. Судан аман қалған тұрғын үйлерге қатынайтын уақытша жол салынуда. Топан суға тосқауыл ретінде 1120 тонна инерттік материалдар жеткізілді. Судан құтқару және алдын-алу мақсатында 21 техника, 12 жүзу құралы, 5 су айдағыш және 193 адам қайрат көрсетіп жатыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар