Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астықтан мол өнім алу басты міндетіміз - АРҚА АЖАРЫ

Астықтан мол өнім алу басты міндетіміз

Егіс науқанын бастап та кеттік. Біздің аудан облыстың ең ірі астықты өңірлерінің бірі болғандықтан, биыл да көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізіп, мол өнім алуды көздеп отырмыз.

Алдағы мақсат – қысқа мерзімде көктемгі егіс жұмыстарын ұйымшылдықпен сапалы жүргізу, күтіп баптау және жинап алу. Сондай-ақ, қазіргі заманғы технологияларды енгізіп, мол өнім алу. Биылғы жылғы көктемгі егіс Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау алдында өтеді. Осыған орай, диқандар маңызды науқанға тыңғылықты дайындалуда.
Ауданның аграрлық секторында 261 шаруашылық субъектісі жұмыс істейді. Оның 47-сі серіктестік, 219-ы шаруа қожалығы. Екінші деңгейлі банктен 620 миллион несие алынды. Егіс алдындағы барлық агротехникалық шара мен себу үрдісі ылғалды тиімді сақтауға және тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Мол өнім алу үшін құрғақшылыққа тәуелді ылғалы аз жерді дұрыс өңдеу қажет. Өткен жылдың орақ жұмысы аяқталған соң жауын-шашын мол болып, топырақтағы ылғал қорын толтыруға ықпал етті.
Қыс айларында алқаптағы қардың қалыңдығы 25-35 сантиметрді құрады. Көктемнің салқын күні мен шамалы желдің нәтижесінде қар көп жатты. Бұл ылғалдың жерге көп сіңуіне ықпал етті. Сәуір айында 30-40 миллиметр мөлшерінде жауын жауды. Жоғарыда аталған барлық климаттық факторлар жердің метрлік қабатында қажетті ылғал қорының жиналуына ықпал етті. Бұл (гектарынан 10-15 центнерден) мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Биыл Атбасар ауданындағы егіс алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарға сәйкес жүргізіледі. Аудан бойынша 2019 жылы жазғы егіс 430 мың гектар алқапта жүргізіледі деп жоспарланды. Оның ішінде Әліби компаниясының 135 мың гектар жері бар. Дәнді және бұршақ дақылдары 394 мың гектар алқапқа себіледі. Оның 332 мың гектары бидай, 46 гектары арпа, 5 гектары сұлы, 8 гектары қарақұмық, 868 гектары бұршақ, 200 гектары нут алқаптары. Күнбағыс, лен, рапс тәрізді майлы дақылдар 19 гектар алқапқа егіледі. Біржылдық және көпжылдық шөп, жүгері тәрізді азықтық дақылдар 16 гектарға себіледі. Картоп 905 гектарға (49 гектары ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиесілі), көкөніс 125 гектарға (11 гектары серіктестік пен шаруа қожалықтарына тиесілі) отырғызылады.
Парға 29 мың гектар жер қалдырылды. Өткен жылы аудан бойынша 89 шаруашылыққа 614 миллион теңге субсидия төленді. Оның ішінде 80 шаруашылықтың гербицидтері субсидияланды, тоғыз тұқым шаруашылығын дамытуға 29 миллион теңге берілді, он екі шаруашылықтың тыңайтқышы субсидияланды. Тұқымды залалсыздандыруға 47 миллион теңге берілді. Биылғы көктем бұрынғы жылдардағыдан 7-10 күн ерте келді. Бұл өңделген алқаптарда арамшөптердің ерте өсуіне ықпал етеді. Сөйтіп, топырақтың беткі қабаты көктемгі егіс басталғанға дейін құрғап қалады. Бұдан шығатын қорытынды, егіске дейін аралық культивация немесе глифосатпен өңдеу тәрізді арамшөппен күресу шарасын тез арада өткізуді жоспарлау қажет.
Қыс айларында (жоспар 40 мың гектар) 50 мың гектар алқапқа қар тоқтатылды. Көктемгі егісті өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қажетті 47 мың тонна тұқыммен қамтамасыз етілген. Тұқым толық зертханалық талдауға ұсынылды. Әліби компаниясының қамбасында 15 мың тонна (қажеттілік 5600 тонна) тұқым бар. Жалпы 49 тонна тұқым тексерілді, оның барлығы кондициялық деп танылды. Оның 88 пайызы егіс стандартының І және ІІ класы талабына сәйкес.
Бүгінгі таңда көктемгі егіске ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жұмысы жалғасуда. Дала жұмыстарына 1026 трактор, 22 лущильник, 97 культиватор, 1596 сеялка, 113 егіс кешені, 817 тырма пайданылады. Соңғы жылдары ауданның техникалық паркі жаңартылды. 38 трактор, 11 егіс кешені, 100 астық жинайтын комбайн, 2 дәрі шашқыш сатып алынды.
Жұмыс жоспары бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 6603 тонна дизель отыны қажет. Қазір оның 48 пайызы, яғни, 3200 тоннасы бар. Наурыз, сәуір айларына бөлінген кепілдендірілген дизель отынының құнын операторлар толық төледі. Әліби компаниясының тобы 1380 тоннаның құнымен есеп айырысты.
Бүгінгі таңда барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басты міндеті – көктемгі егісті уақытылы әрі жоғары агротехникалық деңгейде өткізу және мол өнімінің негізін қалау. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Қол жеткізген табыстарымыз ауыл шаруашылығын дамытуға өз ықпалын тигізеді. Сөйтіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Көктемгі егіс кезінде ашық аспан болсын, ұйымшылдықпен мол өнімінің негізін қалайық.
Аманбек ҚАЛЖАНОВ,
Атбасар ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар