Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрі – облыс орталығы келбетінің жақсара түсуі үшін - АРҚА АЖАРЫ

Бәрі – облыс орталығы келбетінің жақсара түсуі үшін

Өткен бейсен-бі күні облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды  аралап көріп, білім беру саласының көкейкесті мәселелеріне назар аударды және қала келбетін одан әрі жақсартудың алда тұрған міндеттерін пысықтады

Өңір басшысы Сергей Кулагин алдымен, С.Сәдуақасов көшесіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда автокөлік жолына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы  жаңартылды. Сонымен қатар, облыс басшысы осы маңдағы бұрынғы Төңкерісшілер саябағында болып, оның бүгінгі жағдайына да назар аударды. Бұл саябақ қараусыз қалған жайы бар. Бүгінгі күні мұнда күндіз мал жайылса, кешке маскүнемдер жайлайтын көрінеді. Саябақ ішін аралап көрген облыс әкімі  жақын арада оны қалпына келтіру қажеттігін айтып, қала басшылығына тұрғындардың дем алуына барлық мүмкіндікті жасауды тапсырды.
– Саябақты шіріген ағаштардан тазартып, оның орнына ағаш көшеттерін отырғызу керек. Дем алатын орындықтар қою қажет. Сонымен қатар, мұндағы жерді тиімді пайдаланып, шаңғы, жүгіру және велосипед жолдарын салу керек. Тұрғындардың отбасымен келіп дем алуы үшін қажетті инфрақұрылымның барлығын қарастыруымыз қажет,– деді облыс әкімі бұл орайда.
Сондай-ақ, ол қала басшылығына осындай саябақтары бар өзге өңірлердің тәжірибесін зерттеп, ең жақсы деген нұсқасын таңдауды, сөйтіп,  сол бойынша жаңа саябақ жобасын жасауды тапсырды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж бен №13, №11 орта мектептерде болып, педагогикалық ұжыммен және студенттермен, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында облыс басшысы  Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифтілері мен үй ауласындағы балалар алаңдарда қалпына келтірілетінін атап өтті.
Осы жолы Абай көшесінің бойындағы бұрынғы зауыт саябағы ішіндегі ғимарат құрылысында да болған облыс әкімі жұмыс барысындағы кейбір кемшіліктерге жол бермеуді міндеттеді.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар