Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құтқару бекеті ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Құтқару бекеті ашылды

Көкшетау қаласының іргесіндегі Қопа көлінің жағалауында орналасқан «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығында қоғамдық құтқару бекеті ашылды.

Көкшетау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Андрей Подгурский Қопа көлінің жағалауы қала тұрғындарының демалыс орны болып табылатынын, осыған орай мұнда қоғамдық құтқару бекеті қажеттігін айтты.
– Қала әкімдігі Қопа көлі жағалауын абаттандыру жұмысын қолға алуда. Василий Шиманский басқаратын «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы суға шомылатын жағалауды жөнге келтірді. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқарушылар бекеті ашылғаны көңілге қуаныш ұялатады,–деді бөлім басшысы. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советовтың айтуынша, өңірде 754 өзен мен көл бар. Олардың ішінде ең қауіптісі Есіл мен Нұра өзендері. Өкініштісі сол, бұл су айдындарында демалатын адамдардың қауіпсіздігін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары толық қамти алмай отыр. Өңірде көп жылдардан бері ерікті қоғамдық құтқару бекетін ашу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 60 қоғамдық құтқару бекеті құрылып, судан құтқару мамандығына 221 адам дайындалған. Құтқару бекеттері бар су айдындарында ешкім суға кеткен жоқ. Өткен жылы 18 адам, жыл басынан бері 97 адам судан құтқарылды. Сондай-ақ, құтқарушылар суға шомылуда қарапайым сақтық ережесін сақтауды естен шығармағандары жөн. Биылғы жылы 197 су айдынына инвентеризация жүргізіліп, 96-ы жекеменшікке берілді.
Облыста 20 шақты суға шомылатын арнайы орын, балалардың 16 жағажайы бар. Мұнда балалар суда жүзуге үйретіледі. Көкшетау, Зеренді, Щучинск пен Бурабай көлдері жағалауында орналасқан құтқарушылар бекетінде балалар шомылатын жағажай бар. Көкшетау қалалық төтенше жағдай басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Максим Шатковскийдің айтуынша, соңғы екі жылда Қопа көлінде адамдардың суға кету оқиғасы болмаған. «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский өзіне қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғысын білдіріп, демалушылар үшін барлық жағдай жасалатынын айтты. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанындағы жедел құтқару отряды басшысының орынбасары Марат Бөрібаев Никита Богданов, Владимир Исаев, Руслан Пятигорный сияқты құтқарушыларға қоғамдық құтқарушы куәлігін табыс етті. Бұдан кейін жиналған жұрт құтқару техникаларын, жүзу құралдарын, судан құтқару қондырғылары мен жабдықтарын тамашалады. Жедел құтқару отрядының құтқарушылары маторлы қайық пен судан құтқару жабдықтарын пайдаланып, Қопа көлінде құтқару жұмысы қалай жүргізілетінін көрсетті.

Рамазан ТІЛЕУОВ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар