«ЯРКО жарысқа» 500 адам қатысады

Өңірлік коммуникациялар орталығында Көкшетау қалалық әкімшілігінің және «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының қолдауымен 27 шілдеде өтетін «ЯРКО жарыс» атты қайырымдылық шарасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Алдымен сөз сөйлеген Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Темірболат Қайреденұлы осынау қайырымдылық жарысы Көкшетау қаласында жыл сайын өткізілетінін, биылғы жылы мұндай шара Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылғанын айтты. Қайырымдылық жарысына 3-3,5 мың теңге жарна төлеген барлық қала тұрғындары қатыса алады. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында әртүрлі ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлық тапсырылады.
Қарағанды қаласында орналасқан «Posadi Derevo.kz» қоғамдық қорының төрайымы Евгения Беляеваның айтуынша, бірінші фестиваль 2013 жылы Алматы қаласында өткізіліп, екі жүз елу қатысушы жиналған. Бұдан екі жыл бұрын «ЯРКО жарыс» Бурабайда алғаш рет өткізіліпті. Биыл бұл шараға 500 адам қатысады деп жоспарланған. «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец өз сөзінде кәсіпорындарының әртүрлі спорт және қайырымдылық шараларына қатысатынын айтты. «ЯРКО жарысында» оның басынан аяғына дейін жүгірушілерге экологиялық таза бояу шашылады. Қайырымдылық жарысы уақытпен есептелмейтін болғандықтан қатысушылар асықпай жүгіреді. Осы шарадан жиналған қаржы ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын салуға бағытталады. Жоба тобы мен еріктілер 1150 ағаш көшетін отырғызған екен. Өткен жылы түскен қаржы «Аутизмді жеңеміз» қауымдастығының спорт алаңдарын жабдықтауға бөлініпті. Биылғы жарыс «Таңқаларлық джунгли» тақырыбымен өткізілуде. Қатысушылар мәреге жету үшін 5 шақырым қашықтықтағы джунглиден өту керек.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар