Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айбынды қорықшылар «Айбын» орденімен марапатталды - АРҚА АЖАРЫ

Айбынды қорықшылар «Айбын» орденімен марапатталды

Биылғы жылдың 23 шілде күні Жарқайың ауданының Бірсуат ауылына жақын маңда заңсыз киік атып жүрген браконьерлерді тоқтатпақ болған қос қорықшыға оқ атылғандығын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Қорықшының бірі Қаныш Нұртазинов оққа ұшқан еді. Марқұмның отбасына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көңіл айтқан болатын. Ауыр жарақат алған екінші қорықшы Самат Оспанов қазір Көкшетаудағы облыстық
ауруханада емделіп жатыр.

Кеше Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурс-тар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Көкшетауға жұмыс сапарымен келіп, облыстық ауруханада емделіп жатқан қорықшы Самат Оспановтың жай-күйін біліп, оған ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Министрдің сапары кезінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов бірге болды.

Министр алдымен Бұқпа тауының төбесіндегі республикалық #Birge#TazaQazaqstan экологиялық эстафетасының ашылуы өтетін орынды бақылап көрді.
Бұдан кейін Ақмола облыстық көпбейімді аурханасында емделіп жатқан қорықшымен кездесіп, хал-жағдайын сұрап білді. Қорықшының қызмет бабындағы ерен ерлігі мен жанқиярлығын айта келе, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгін Көкшетауға арнайы келіп, Самат әріптесімізге ыстық сәлемін жеткізіп отырмын. Бүгінгі күні әрине, қорықшылардың жұмысы өте ауыр. Бұған соңғы кездегі оқиғалар айқын дәлел. Сондықтан, алдағы уақытта қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Браконьерлермен күресуде заңның қатал болғаны маңызды, – деп атап өтті министр.
Аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, қорықшы «Кеудесіне оқ тиген жарақат» және «Сол жақ иығының жаралануы» диагноздарымен түскен. – Науқасқа ота жасалып, денесінен оқ алынды. Дер кезінде жеткізіліп, жедел ота жасалғандықтан оның жағдайы жақсы. Қазіргі кезде науқас нейрохирургия бөлімшесінің палатасына ауыстырылып, сонда одан әрі ем қабылдауда, – деді Дмитрий Чайков.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл
ауылында осы оқиғадан қаза тапқан «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Қаныш Серікұлы Нұртазиновты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Оның отбасына ҚР Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған мемлекеттік награда – қызмет бабында ерен ерлігі мен жанқиярлығы үшін
I дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар