Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық ұланның қайраты - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық ұланның қайраты

Апат айтып келмейді, төтеннен болатын табиғат құбылысы  адамға мол қауіп төндіреді. Көктемгі қар суының күрт еруі тасқынға ұласып, қаншама ауылдар апат аймағында қалды.  Мұндай елді мекендердің қатарында Шалқар ауылы да бар.

Жақында бұл елді мекенге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы құрамындағы 52859 әскери бөлімінің жиырма жауынгері көмек қолын созды. Олар ондаған техникамен  ауыл іргесіндегі дамбы бөгесінді нықтап,  судың жолына тосқауыл қойды.
Суағар арықтардың бойына 1500-дей құм салынған қаптарды тастап,  қауіпсіздікті нығайта түсті.  Ең бастысы, Нұра өзенінің апатты жерлерін дер кезінде анықтап, қадағалап отыруды назарға алды.
Әскери ұландардың басшысы, капитан Д.Түгісбаевтың айтуынша,  мұндай қауіпті аймақтарда әскерилердің көмегі аса маңызды болып табылады. Олар осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысына қарасты бір елді мекенді осындай су тасқынынан құтқарып қалған еді.
Жергілікті тұрғындар да қиын сәтте қол ұшын созған сарбаздарға өз ризашылықтарын білдіруде. Апаттың алдын алғанның артықтығы жоқ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар