Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауған соғысының ардагері - АРҚА АЖАРЫ

Ауған соғысының ардагері

Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жүргізуші болып еңбек ететін полиция аға сержанты Еркін Оспановты әріптестері өз ісін жақсы білетін білікті маман ретінде құрмет тұтады. Бірақ та, осы салада біраз жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан оның Ауған соғысының ардагері екендігін біреу білсе, біреу білмейді.

Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ жүргізуші болуға құмартқан бозбала оқу бітірген соң ойланбастан ДОСАФ-тың жүргізушілер дайындайтын курсына түсті. Курсты ойдағыдай бітіріп, жүргізушілік куәлігін алған жігіттің дегенмен, шаруашылықта еңбек етуіне мүмкіндік болмады. Сол тұста жасы 18-ге толған оны әскер қатарына шақырып, содан алдымен Аягөзде әскери дайындықтан өтті. Содан автомобиль батольонында әскери қызметін атқаруға кірісті. Бұл Ауған соығысының қызып тұрған шағы еді. Көп ұзамай ол қызмет ететін автомобиль батальонын КСРО-ның ең оңтсүтіктегі нүктесі саналатын Кушка қаласына әкеліп, одан әрі ауған жеріне аттанды. Еркін құрамында болған автоколонна жауынгерлерге қажетті оқ-дәрі мен азық-түлік, жанар-жағар май жеткізіп беретін. Шыңдалы мен Қандағар қалалары арасындағы тау жолымен талай жүріп өтті. Мұнда қатер аяқ басқан сайын кездесетін. Күтпеген жерден жау тоқсауылына тап болу мүмкіндігі өте жоғары болды. Ауғанстанда ол біраз жауынгер жолдастарынан айрылды. Бірақ та, «қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» дегендей, оқ пен оттың ортасынан аман-есен шығып, елге оралды.
Туған жерге келісімен ол ішкі істер бөліміне жүргізуші болып жұмысқа кірісті. Міне, содан бері де зымырап біраз жылдар өтіпті. Кешегі Ауған соғысының ардагері бүгінде ішкі істер бөлімінде табысты еңбек етіп жүр. Жары Салтанат мектепте мұғалім. Отбасында екі ұлдары жарысып өсіп келеді. Ауған соғысының ардегерінің ендігі арманы балалары өзі көрген соғысты ешқашан көрмесе екен дейді.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Сурет автордікі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар