Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа әкімге жаңа міндеттер жүктелді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа әкімге жаңа міндеттер жүктелді

Кеше Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-інші сессиясына қатысып, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Әсет Азаматұлы Мұздыбаевтың кандидатурасын аудан әкімі қызметіне тағайындау туралы ұсыныс енгізді. Сессия бұл ұсынысты бір
ауыздан қолдады.

Өңір басшысы Е.Маржықпаев бұдан кейін аудан әкімінің жиналысында мәслихат депутаттарының ұсынысты қолдағанына рахмет айтып, ауданның жаңа әкімі Әсет Мұздыбаевтың өмірбаянымен таныстырды.
– Ауданда жүйелі шешімін күткен мәселелер баршылық, – деді облыс әкімі. Бурабай кең тармақты салаларды қамтитын аудан. Жаңа біз егістік алқаптарда болдық, ендігі міндет ел ырыздығын шашау шығармай жинап алу. Өңірде тұрғын үй, жол құрылысы, туристік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік саясат және басқа мәселелерге айрықша назар аударылады. Бұл орайда жаңа тағайындалған әкімнің іскерлік қабілеті мен тәжірибесі алға шығады және оның тиісті нәтижесі болады деп сенеміз.
Аудан әкімі Әсет Мұздыбаев өзіне көрсетілген жоғары сенім үшін алғыс айтты.

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев 1972 жылы туған. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Сондай-ақ, 2006 жылы аталған университетте қаржы бакалавры біліктілігін алды.
Ә.Мұздыбаев 1992 жылдың маусымынан 2005 жылдың тамызына дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Казстройсистема» АҚ менеджері, бөлім басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РММ инженерлік-техникалық бөлімінің бастығы болып істеді.
2012-2014 жылдары – Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының бастығы. 2014 жылдан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін ҚР ПІБ «Қараөткел» РМК директорының орынбасары болып істеді. Ә.Мұздыбаев 2019 жылдың қаңтарынан бастап Аршалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар