Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тиімділікке негізделген мал дәрігерлік орталықтар - АРҚА АЖАРЫ

Тиімділікке негізделген мал дәрігерлік орталықтар

Ақмолалық фермерлер ветеринария бағытындағы заманауи технологиялар мен инновациялық үрдістер игілігін пайдалануда табысты қадамдар жасауда. Жуырда облыстық кәсіпкерлер Палатасы және сүт өндіру ассоциациясы Ақкөл ауданындағы «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ветеринариялық оқу және қызмет көрсетудің екінші орталығын ашты. Украинаның «Dairy Global Experts» компаниясымен бірлесіп жұмысын бастаған еліміздегі алғашқы орталық Зеренді ауданындағы «Жақсылық агро» ЖШС базасында құрылған болатын.

Отандық статистика деректеріне қарағанда, Қазақстанда әр сауын сиырынан сауылатын сүт жылына орта есеппен 4105 килограмнан аспайды. Әрине, жекелеген ауыл шаруашылығы компанияларының көрсеткіші бұдан асып түсетінін жоққа шығаруға болмайды. Әйткенмен, бұл жүйелік сипат алып отырмағаны белгілі. Кәсіпкерлер Палатасы жағдайға мұқият талдау жасау арқылы өнімділікті арттыру үшін аграрлық және ғылыми әлеуетті тұрақты түрде күшейту қажет деген қорытындыға келді. Мәселен, осы әдісті қолданған украиндық сүт өндірушілер соңғы 10 жылда орта есеппен әр сиырдан 8900 килограмнан өнім алуда. Аталған жұмыстың тиімділігін Зеренді ауданындағы бес тауарлы-сүт фермасын біріктіріп отырған алғашқы орталықтың үйлесімді жұмысы да дәлелдеп отыр. Мұнда 2 мыңнан астам сауын сиыр күтімге алынған.
– Орталықтардың үш айдағы аралық өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша фермаларда ветеринарлық қамтудың күн сайынғы жұмыс ырғағына бейімделген цикл қалыптасып келеді, – дейді бізбен тілдескен кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Тимур Нахыпбеков. Қазіргі күні малды уақыт талабындағы жаңа аппараттармен диагностикадан өткізіп, емдеу шаралары жүргізілді. Кешенді жұмыстың апта ішілік технологиялық картасы түзіліп, малды азықтандырудың толыққанды рационы белгіленді. Фермаларда кең жүйелі аудит өткізіліп, тиімділікті тежейтін олқы тұстар анықталды. Күтілетін түпкі нәтиже кәсіпорынның тиімділігін барынша арттыру болып табылады.
Мәселе жаңа жобаның артықшылықтарында екендігі кім-кімді де қызықтыратыны белгілі. Қарапайым математикалық есептеуге жүгініп көрсек, фермадағы бір сиырды азықтандыруға күніне 700 теңге жұмсалады. Бұл ретте, күніне 10 литрден сүт алынады дегеннің өзінде, пайда түсімі 400 теңгеден (10 л*110 тг/л=1100 тг) аспайды. Ал, жоба эксперттерінің ұсыныстарын қолданған жағдайда тәуліктік көрсеткіш сауын көлемін 25 литрге арттыру арқылы 2000 теңгеден (25 л*110 тг/л=2750 тг) асып түспек. Осының өзі ветринарлық ілім арқылы аграрлы әлеуетті нығайтудың тиімділігін айқын байқатады. Сондықтан, өзге де аудандарда осындай орталықтарды ашу жоспарланып отырғаны мал шаруашылығымен қатар ауыл өмірін де жақсарта түсетіні анық. Палата бұл орайда оқыту, біліктілікті арттыру, тиісті кеңес берудің кешенді қызметін жүргізетін болады.

Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар