Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы өзін жақсы жағынан танытуда - АРҚА АЖАРЫ

«Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы өзін жақсы жағынан танытуда

Ақмола облысында тұрғындар биылғы жылы «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына 1168 рет баға берді. Соның ішінде теріс баға берілген шағымдар 16 немесе 1,3 пайызды құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджановтың айтуынша, бұл бағытта беталыс жаман емес.
Жоғарыдағы 16 шағымның 8-і тестілеу режиміндегі бағдарламаны әзірлеушілердің берген бағасы. 4 шағым бойынша теріс баға берудің себептері болған мәселелерді шешуге ықпалдастық көрсетілді. Қалған 4 шағым қателіктен жіберілген. Осыған қарамастан, келіп түскен өтініштердің 1152 немесе 98,7% оң баға болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетіп отыр.
Естеріңізге салар болсақ, бүгінгі таңда әрбір азамат «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы онлайн режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына баға беріп, өзінің пікірін қалдыра алады.
«Ол үшін смартфонға «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасын орнатып, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Қазіргі уақытта бағаны Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, Қаржы министрлігінің, Еңбек министрлігінің, сонымен қатар, сот органдарының аймақтық құрылымдарына беруге болады. Барлық мемлекеттік органдарды осы бағдарламаға енгізу жұмыстары әлі жүргізілуде», – дейді Әділбек Мұхамеджанов.
Аталған бағдарлама арқылы баға бергеннен соң 2 минут ішінде бағаланған мемлекеттік органның қызметкерлері хабарласып, шағымданушының білдірген мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар