Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек бағаланады - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек бағаланады

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда облыстық ассамблеяның жұмысы қаралып, бір топ ақмолалықтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Жиынға  мемлекеттік органдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, басқа да кеңес мүшелері қатысты. Отырыс барысында  облыстық ассамблеяның құрамы жөнінде мәселе қаралып, белгілі бір себептермен  қатардан шыққандардың орнына жаңа мүшелер ұсынылды. Ассамблея мүшелерінің  кезек-кезегімен  осы бір қоғамдық институтты басқаруына мүмкіндік беретін бұл қызметті облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Мейрамбек Қиықов  абыроймен атқарған болатын.  Кеңес мүшелері оған өңірдегі тұрақтылықты сақтауға қосқан өлшеусіз үлесі үшін өз алғысын жеткізді. Енді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Сергей Кулагиннің  хатшылық меңгерушісі Мәрзият Тохаеваға қоса, екінші  орынбасары болып облыстық мәслихаттағы қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша «Достық» депутаттық тобының жетекшісі Елена Мащинская сайланды. Отырыс барысында мақұлданған бұл кандидатуралардың барлығы да ағымдағы жылдың он бірінші маусымында өтетін облыстық ассамблеяның  кезекті ХVІІ сессиясына қатысушылардың талқысына ұсынылатын болады.
Бұдан кейін аймақтағы бірлікті нығайтып, сол арқылы берекені молайтуға үлестерін қосқан жандар мерейлі жылға  арнайы шығарылған  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.  Олардың қатарында   «Русская песня», «Злато» халықтық ансамбльдерінің жетекшісі Зоя Авилова, «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры Күміс Біләлова, облыстық ассамблеяның мүшесі Виктор Пшеничный, №5 «Таңдау» көпбейінді мектеп-гимназиясының мұғалімі, облыстық ассамблея жанындағы  журналистер клубы төрайымының орынбасары Әлия Ахетова, облыстық «Арқа ажары» газетінің жетекші тілшісі Перизат Бөлекова,   облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Ербол Жүсіпов, «Шабыт» қоғамдық қорының  төрайымы  Күләш Кәршалова, облыстық  ассамблея жанындағы  балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының төрайымы Дина Галямова,   облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Алма Құнанбаева  бар.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  жуырда ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін әр қазақстандықтың бір кісідей жұмыла атқаруға атсалысуға тиістігін баса айтты. Әсіресе, биылғы тарихи даталарға толы жыл, Ассамблея жылы – елдің мызғымас бірлігінің,  татулығы мен тұрақтылығының жылы болуға тиіс.  «Қазақстан» деп аталатын берекелі шаңырақтағы  ынтымақты нығайтуға жүзден аса ұлт өкілі тұратын Ақмоланың да қосар үлесі аз емес.  Тек бәріміздің біріксек қана  мықты боларымызды, дамудың даңғыл жолымен жүріп, нұрлы келешекке қадам басарымызды түйсіне білгеніміз жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар