Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткені шежіреге толы ауылдар көп - АРҚА АЖАРЫ

Өткені шежіреге толы ауылдар көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы айта келе, ол жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімінің айтуынша, Ақкөл қаласы Қазақстанда бірінші ақылды қала атағына ие. Бәсекелестікке қабілеттіліктің бір бөлшегі болып саналатын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы «SMART AKKOL» жобасында қарқынды жүргізіліп отыр.
Ақкөл ауданы тарихи орындарға бай өлке. Қазы батыр қорғанынан бастап, Моншақты, Домбыралы елді мекендерінің қайталанбас шежірелі тарихы бар. Осыған байланысты өлкетану жұмыстары жүргізіліп, оған мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар мен мәдени орталық қызметкерлері қатысқан. Бүгінде Ақкөл ауданында 15 музей, 10 музей бұрышы бар. Ауданның тарихын зерттеу арқылы кітапханашылар «Ақкөл ауданының энциклопедиясын» жинақтады.
Өңірде туризмді дамытуға зор көңіл бөлінуде. Аудан аумағында 8 қонақ үй кешені мен 6 мейрамхана және 10 жанар-жағармай құю станциясы жұмыс істеп тұр. Красный горняк, Кеңес селолық округтерінде «Famili garden», «Аксакалова» ЖК туристік базалары жұмыс істеуде.
Ақкөл ауданының өнер үйінің бастамасымен оқушылар «Турист» студиясының басшысы Александр Казаченкомен бірге өңірдегі қазыналы жерлерге туристік серуен ұйымдастырған. Балалар Моншақты тауына жаяу көтеріліп, туған жердің тұмса табиғатымен танысқан.
Осы жылы «Ауылым – алтын бесігім» атты жоба аясында Амангелді, Ерназар ауылдары ауыл күнін мерекелік іс-шаралармен атап өтті. Бұл ауыл азаматтары үшін бір серпіліс әрі ұлттық құндылықтардың ұмытылмай ат спорты мен ұлттық ойындардың дамуына игі ықпалын тигізді.
Мектептердегі білім деңгейін көтеру мақсатында ауданда 24 іс-шара өткізіліп, 8 жоба жүзеге асқан. Үш тілді қатар меңгеруге жол ашатын «Букроссинг» акциясы жүргізіліп, «Сөз мерген», «Тіл дарыны» сынды аудандық байқаулар ұйымдастырылды.
Кітапхана ғимаратында «Рухани жаңғыру» бөлмесі ашылып, мұнда Ақкөл ауданының тарихы туралы материалдар жинақталған. Бүгінде бұл бөлмеде барлық атаулы іс-шаралар өткізіледі. Былтыр Жайық Бектұровтың 105 жылдығы аталып өтілсе, биыл Сағадат Нұрмағамбетовтың 95 жылдығына іс-шара ұйымдастырылды.
Жалпы бағдарлама аясында осы жылы аудан бойынша 130 іс-шара өткізіліп, оған 17 мың адам қатысқан. Алда атқарылатын жұмыстар да көп дейді аудан әкімі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар