Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақы болмысы мықты, нәзік жанды ауыл аяулылары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақы болмысы мықты, нәзік жанды ауыл аяулылары

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысы ауыл әйелдерінің форумы өтіп, онда, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы,

ауыл әйелдері мен қыз-келіншектерінің қоғамда алатын орны, оларды қоғамдық-саяси, мәдени өмірдің әр саласында, орта және шағын бизнесте қолдап, жұмысқа орналастыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Бұл жолы жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова, «Жасыл экономика және Global дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысқан аталмыш форум біздін облысымызда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Оны «Coca-cola» халықаралық қоры мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Ақмола облысының әкімдігі, G-Global Халықаралық Хатшылығы, «Жасыл экономика және Global-ды дамыту Коалициясы» және «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» бірлестіктері ұйымдастырды.
Форумның ашылу салтанатында сөз алған Мәжіліс депутаты Майра Айсина бүгінде ел тұрғындарының 52 пайызын, нұротандықтардың 56 пайызын нәзік жандылар құрайтыны жайлы деректерді келтіріп өтті. Әйелдер қай салада еңбек етсе де, белсенділік танытуда деді халық қалаулысы.
–«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы «Әр халықтың өмірінде өзінің нағыз ұлттық болмысын, ұлттық намысын көрсететін кезең келеді» деген мағыналы сөздермен басталады. Менің ойымша, біз, әйелдер қауымы осы сөздерге мән беруіміз керек. Бүгінде экономика саласында әйелдердің рөлі айрықша. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының тұжырымы бойынша, сұлулық әлемді ғана емес, глобалды экономиканы да құтқара алады. Мұнымен келіспеу мүмкін емес. Қазіргі таңда еліміздегі еңбекке қабілетті 9 миллион адамның шамамен 40 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Жалпы ішкі өнімнің әрбір үшінші бөлігін солар шығарады. Сол себепті, әйелдердің әлеуетін мейлінше көбірек қолдана білуіміз керек. «Coca-cola» халықаралық қоры 2020 жылға дейін әлем бойынша 5 миллионға жуық жұмыссыз әйелді оқытуды қолға алды. Солармен бірлесіп, жеті жылдан бері ауылдық жерлерде тұратын 11 мыңға жуық жұмыссыз әйелді кәсіпкерлік негіздеріне оқыттық. 51 әйелге өз кәсібін ашуға қайтарымсыз грант бөлінді, – дей келе, Майра Арапқызы «Ауыл – ел бесігі» жобасына тоқталды.
Форумда ауылдарға жасыл технологияларды біреу әкеліп енгізеді деп күтіп отырмай, тұрғындар өз күштерін, қабілеттерін пайдаланып үйде, мектептерде қолдануға болатыны кеңінен сөз болды. Әсіресе, Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылында ашылған «Жасыл технологиялардың ұлттық академиясы» орталығы жайлы көптеген жақсы мысалдар келтірілді.
Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысушыларға Ақмола облысы әкімінің дұғай сәлемін жеткізе келе, форум жұмысына сәттілік тіледі.
–Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. «Ауылым – алтын бесік» деп білетін тұрғындар үшін бұл жобаның орны ерекше. Осыған сәйкес, облысымызда нақты істер қолға алынды. Бүгінде Аршалы, Астрахан, Зеренді аудандарында бағдарлама аясында кешенді жұмыстар басталды, – деді Айна Ермекқызы.
Облысымызда мемлекеттік басқару органдарында еңбек ететін әйелдердің үлесі артып келеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 276 депутаттың 70-ін нәзік жандылар құрайды. 532 жергілікті атқарушы органдардың 147-ісінде әйелдер басшылық қызметтерде істейді. 56 әйел селолық округтердің әкімдері болып қызмет етуде. Шаруа қожалықтарын басқарып отырған әйелдер де бар. Шамамен 400 әйел «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының арқасында өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Үстіміздегі жылы 662 әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған.
Форумға арнайы келген басқа да меймандар өз ойларын ортаға салып, «Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңгейі» тақырыптарын пленарлық отырыстарда кеңінен талқылады. Аудандардан келген қатысушылар министрлік өкілдеріне толғандырған сауалдарын қойып, өтініш тілектерін жеткізді. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қараша айында екінші республикалық ауыл әйелдерінің форумы өткізіледі деп жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар