Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Зеленобор мектеп-гимназиясында облыстық «Үздік педагог-2015» байқауы болып өтті.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін ұйымдарынан 19 педагог қатысты. Үш кезең бойынша өткізілген сайыста қатысушылар өздерін таныс-тырып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Үміткерлер үшін шеберлік сыныбы ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге Зеренді ауданының Абай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Базаргүл Біләлова ие болды. Жеңімпазға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Бірінші орынға сандықтаулық Татьяна Антонкина қол жеткізсе, екінші және үшінші орындарды Ерейментау мен Бурабай аудандарынан келген Бекай Нұрмұханов пен Жаннат Зудалиева бөлісті. Олар облыстық білім басқармасының атынан дипломдар мен арнайы сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ, байқауда ерекше көзге түскен мұғалімдер Еркегүл Ахыт, Анастасия Филатова, Елена Герасимоваға Астана қаласы мен Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан Құрмет грамоталары табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.