Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнімділікті картаға түсіру мәселесі талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Өнімділікті картаға түсіру мәселесі талқыланды

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында Шортандыдағы А.И.Бараев атындағы Ауыл шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы мен Санкт-Петербург қаласындағы Агрофизикалық ғылыми-зерттеу институты бірлесіп нақты егіншілікті енгізу жұмысын қолға алды.

Жұмыстың келесі кезеңін жүзеге асыру мақсатында, А.И.Бараев атындағы орталыққа ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Агрофизикалық ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі Вячеслав Якушев арнайы келді. Ол өз сөзінде орталықтағы әріптестерінің тәжірибесін үйрену, қашықтан зондтау мәліметтерін қабылдау, түрлі тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу үшін тапсырмалар картасын жасау жөніндегі жетістіктерімен алмасуға әзір екенін айтты. Шортандының нақты егіншілік полигонында жаздық бидай орылды. Орталық тәжірибелік алқапты жинау кезінде өнімділікті картаға енгізіп отыратын жаңа JohnDeere комбайндарын сатып алған болатын. Ғалымдар өнімділікті карталауды енгізу мәселесін талқылады.
–Бүгін №4 тәжірибелік алқапта өнімділіктің электронды картасын құрудамыз. Бұл біздің ортақ күшіміздің интегралдық жетістігі болмақ. Алдағы уақытта алған мәліметтерді талдап, зерттеу жұмысын қорытындылайтын боламыз. Нақты егіншілік технологиялары егістердің биылғы жылғы құрғақшылыққа төзімділікті арттырғаны қуантады,– дейді Вячеслав Якушев.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар