Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман-көлдерді аялап, табиғатты бағалайық! - АРҚА АЖАРЫ

Орман-көлдерді аялап, табиғатты бағалайық!

Орманды өрттен сақтау қашан да ерекше назарда тұрады. Басты байлығымыз саналатын табиғат көркін «тілсіз жаудан» қорғау жерде де, әуеде де жүргізіледі. Алтын күз кезінде орманға серуенге шыққан адамдар жаққан оттарын толықтай өшіруді ұмыт қалдыратын немесе қураған шөпке темекі тұқылдарын тастай салатын сәттер кездеседі. Ал, қарағайлы жердің өрті бір лап етсе, сөндіру қиынның-қиыны.

Орман өрті адам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық шығын келтіретін тілсіз жау. Әсіресе, жаздың соңы мен күз айларында егін орағы мен шөп шабу кезінде дала өрттері жиі орын алады. Оның басты себебі – адамдардың далалы жерде, орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігін сақтамауынан белең алып жатады.
Сондықтан да, біздің орман шаруашылығының қызметкерлері табиғат әр адамның қорғауында болуы керектігін де үнемі түсіндіріп отырады. Өртті сөндіргеннен гөрі алдын ала халыққа ескерту жұмыстарын жүргізу тиімді. Ол үшін ауыл халқына далалы жерде от жағудың тәртібін түсіндіріп, ереже жазылған үндеу парақтары таратылады. Осыған орай, дәл қазіргі күз айларында шөп шабу мен егін орағы кезінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытында Раздольный, Күсеп, Ортақ, Қызылтаң тағы басқа да ауылдардың механизаторлары мен жоғары сынып оқушылары арасында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Өйткені, кейбір жағдайда тракторлардың мұржасынан шыққан ұшқын да өртке себеп болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қауіпі жиі кездеседі. Әсіресе, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы соның бір дәлелі.
Міне, сондықтан ірі азық дайындау және астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары дұрыс сақталуы тиіс. Астық жинайтын машиналарды және агрегаттарды өртке қарсы дайындау, механизаторларға өртке қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау мен егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы жауапты адамдарды тағайындайды. Жем дайындау және егін жинауға қатысатын трактористер, комбайнерлер, олардың көмекшілері және басқа механизаторлар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқаудан өту керек. Сол себепті даладағы өрт сөндіруге байланысты оқу-жаттығу жиынына ауылдық округтердің өрт сөндіру техникалары, құтқарушылары, механизаторлары түгел қатысады. Осылайша ауыл шаруашылығы алқаптарында шабындық жұмыстары және астық жинау басталғаннан бастап біздің орман шаруашылығы қызметкерлері механизаторлар мен трактор жүргізушілері арасында дала қосында және жұмыс орындарында жұмыс істеуде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
Орманда отты жағар кезде барлық сақтық шараларын қатаң сақтаған жөн. Алдымен, міндетті түрде от жағу орнын дайындап алу керек немесе алдын ала дайындалған орынды пайдаланған да дұрыс. Негізі ағаштар алыс орналасқан ашық орынды таңдаңыз. От жағатын жерді шөптен тазартып, май құю үшін күрекпен кішкене шұңқыр қазып алыңыз. Шөпті жәй ғана алып тастау керек, бұл жағдайда сіз жердің құнарлы қабатын бүлдірмейсіз. Орман-көлдерді аялап, табиғатты бағалайық!
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалуы мен сақталуына келгенде салғырттық танытып жататынымыз да жасырын емес. Әр адам орман мен қорықтардағы аң-құстардың, тал-теректің көбеюіне, өсіп-өнуіне себепкер болып отырса нұр үстіне нұр.

Серік ЕРДЕНОВ,
«Бұқпа» орман шаруашылығының орман шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар