Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отбасы әл-ауқатының статистикасы: үй шаруашылықтарын зерттеу - АРҚА АЖАРЫ

Отбасы әл-ауқатының статистикасы: үй шаруашылықтарын зерттеу

Тұрмыс деңгейінің статистикасы – əлеуметтік статистикасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу – халықтың әл-ауқатына талдау жасауға толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін, барлық мемлекеттерде негізгі және көбінесе жалғыз дерек көзі болып саналады.

Осындай зерттеулермен республиканың статистика органдары айналысады.
Отбасының зерттеуге қатысушы болып таңдалатыны сөзсіз кездейсоқ, өйткені, үй шаруашылықтары тізілімнен математикалық кездейсоқ әдісімен алынады. Тізілімде барлық ғимараттар, көшелердің аталуы мен үйлердің нөмірлері жазылған, яғни, зерттеуге облыстағы кез-келген үй шаруашылығы ілігуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 12 мың үй шаруашылығы зерттеледі, Ақмола облысы бойынша 840 үй шаруашылығы, соның ішінде 150-і Көкшетау қаласында.
Ақпаратты жинау сұрыптауға түскен үй шаруашылығына сұрақ қою арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтарының зерттеуге қатысудан шаршау әсерін болдырмау және жүктемені төмендету мақсатында статистика органдары жыл са-йын үй шаруашылықтарының ротациясын (іріктеменің жаңартылуын) зерттелетін үй шаруашылықтарының жалпы санынан 1/3 көлемінде жүргізеді.
Арнайы оқытылған маман – интервьюер таңдалған отбасымен жұмыс жүргізеді. Зерттеу алдында интервьюерлер, жаңа тізім бойынша зерттеуге қатысатын отбасыларына барып, олардың келісімін алады. Отбасына барғанда интервьюер арнайы куәлігін көрсетеді.
Үй шаруашылықтан алынған барлық ақпарат құпия болып саналады және жинақталған түрінде ақпарат тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылады.
Зерттеудің жиынтық материалдары халықтың тұрмыс деңгейінің әлеуметтік-экономикалық индикаторларын алуға қолданылады: табыстың, шығыстың, тамақ өнімдерін тұтыну деңгейінің, халық кедейлігі көрсеткіштерінің және табысты саралаудың және т.б.
Осы статистикалық байқауға халықтың белсенді қатысқаны, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар