Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құтты болсын айтамыз! - АРҚА АЖАРЫ

Құтты болсын айтамыз!

Бұрын Зеренді ауданына қарасты Қостомар ауылында тұрған, қазір Көкшетау қаласының тұрғыны Мәрия Хасенқызы ХАСЕНОВА бүгінгі күні 75 жасқа толып отыр. Апамыз  барлық саналы ғұмырын білім саласына арнады. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия-биология факультетін тәмамдағаннан кейін Қостомар орта мектебінде зейнет жасына дейін ұстаздық етті. Марқұм жездеміз Мәдениет Ахметов те математика пәнінен сабақ берді. Екеуінің алдарынан  дәріс алған сандаған шәкірттері бүгінгі таңда қоғамымыздың әр саласында еңбек етіп, өз ұстаздарын үлгі-өнеге тұтады. Апа-жездеміз білім саласында еңбек ете жүріп, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді, оларға жоғары білім әперді. Қазір олар да бір-бір шаңырақтың иелері. Тағы бір айта кетерлік жәйт, Мәрия апамыз ұлы, Қостомар ауылының имамы Серікбаймен бірге  қажылық сапарға барып келді.
Біз мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасының амандығын тілей отырып, ұл-қыздары, немере-шөберелерінің қызығына тоймай, арамызда жүре беруіне шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз. 

Төбеңізден нұрын төксін шуақ күн,
Жаның таза мөлдіріндей бұлақтың.
Аман-есен жасай берші,  тәте-жан,
Анасы боп, әжесі боп  ұрпақтың!

Тілек иелері: сіңлілері және күйеу балалары:
Сағит–Күләш, Мәулет – Ботагөз, Кеңес – Ғалия
және жиендері.

Зеренді ауданы Қостомар ауылының тумасы, бүгінде Астана қаласының тұрғыны, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас есепшісі Әсем  Яхиденқызы Шалбаеваны (Хасенова) зейнет жасына толған туған күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, ұзақ, бақытты ғұмыр тілеймін.
Құрметпен, Рымбала Қаппасқызы.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар