Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сан салалы серіктестік - АРҚА АЖАРЫ

Сан салалы серіктестік

Биылғы жылы «Қоржынкөл-А» серіктестігі 13,8 мың гектар егіс алқабының астығын шашпай-төкпей жинап алды. Соңғы үш жылда өнімділігі жоғары бір «Buller» егіс кешені, 14 «Есіл-740» комбайны, 2 «John DEER» комбайны, 12 «Омичка-2,3» егіс кешені сатып алынды.

Шаруашылықта жер өңдейтін техникалар түгел жаңартылған. Астық механикаландырылған қырманда өңделеді. Жаңа астық кептіргіш кешені салынды. Серіктестік мол астық алуға ықпал ететін агротехникалық технологияларды пайдаланып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Биылғы жылы ауа райы қолайсыз болса да, гектарынан 9,5 центнерден өнім алынды.
–Тұқым өсіретін шаруашылық мәртебесі бар серіктестігіміздің алдында тек қана өз шаруашылығымызды емес, ауданның өзге де шаруашылықтарын тұқыммен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қажетті тұқым қоймада сақталуда. Тұқым сапалы болғандықтан, Қазақстанның өзге өңірлерінен де өтінім түсуде. Ұжымда тұрақты түрде 50 адам еңбек етеді. Науқандық жұмыс кезінде Қазақстанның өзге өңірлерінен елу шақты адам шақырамыз,–дейді серіктестіктің бас директоры Әбілқайыр Ошақбаев.
Шаруашылықтағы басты проблема кадр мәселесі болып отыр. Оны өз күштерімен шешу үшін егіс алқабында жас механизаторларды дайындайды. Осылайша әкелері балаларын үйретіп, механизатор болуға баулиды. Шаруашылықта жас-тармен бірге зейнет демалысына шыққан еңбек ардагерлері де жұмыс істейді. Механизаторлардың жұмысы мен демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Асхана, монша тәрізді барлық қажеттілікпен жабдықталған екі дала қосы сақталып, жөнделген.
Бас директордың айтуынша, жақсы жұмыс істегендер қомақты еңбекақы алады. Көктемгі егіс пен егін орағы кезінде механизаторлардың айлық жалақысы 500-600 мың теңгені құрайды. Серіктестік селода тұратын адамдар алдындағы жауапкершілігін естен шығармайды. Олардың тұрмысы жақсарып, өзге елді мекендерге қоныс аудармауы үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Шаруашылықтың наубайханасы село тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бір бөлке нанның бағасы 35 теңгені құрайды. Серіктестік селоны абаттандыруды, жолды қардан тазалауды, мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды өз мойнына алған. Әкімшілік ғимаратта дәмхана, бильярд пен жаттығу залы жұмыс істейді. Шаруашылық зейнеткерлер мен мектепке материалдық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, селода өтетін мәдени шараларға жыл сайын 1 миллион теңге бөледі. 2013 жылы серіктестік өз қаржысы есебінен Егіндікөл селосында Абылай ханға ескерткіш орнатты. Шаруашылық аумағында аң және балық шаруашылығы орналасқан.
Бұл серіктестік Әбілқайыр Тілеуғабылұлы басшылық ететін үлкен шаруашылықтың бір бөлігі болып табылады. Оның осындай астық шаруашылығы облысымыздың Зеренді ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол тұрғын үй және өзге де ғимараттар құрылысымен, су құбырын тартумен айналысатын құрылыс компаниясын басқарады. «Қараменде би» қорының президенті Әбілқайыр Ошақбаевты жерлестері аудандық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты етіп сайлады. Ол «Еңбек даңқы», «Персона» аталымындағы үздік адамдардың халықаралық орденінің және «Шапағат» медалінің иегері. Жоспарсыз табыс жоқ. Ал, «Қоржынкөл-А» серіктестігінің бас директоры Әбілқайыр Ошақбаевтың жоспары ауқымды. Оның бәрі жүзеге асатын болса, село тұрғындарының тұрмысы жақсара түседі.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар