Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзара түсіністік керек - АРҚА АЖАРЫ

Өзара түсіністік керек

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжіліс  депутаттары Жабал Ерғалиев пен Меруерт Қазбекованың қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып, онда өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында орын алып отырған түйіткілді мәселелер талқыланды. 

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау» қорының облыстық филиалы ғимаратында өткен кеңес отырысына өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында түсініспеушіліктен туындайтын даулы мәселелерді шешудің оңтайлы  жолдары қарастырылды. Соның ішінде, «Мырза-Хан» серіктестігінің заңды мүддесі және құқығын қорғау жөнінде арыз-шағымы қаралды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында осы кәсіпорын мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында скринингтік зерттеу жүргізу жөнінде келісім жасалған. Кейін жарты жыл өткеннен кейін, яғни,  тамыз айында ведомство кәсіпорынға министрдің бұйрығына сілтеме жасап, көрсетілетін қызметтің жаңа құны бекітілгені және республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған қаржыны қайтару қажеттігі жөнінде хабарлаған.
Осы орайда, қиын жағдайға тап болған кәсіпкер бірден өңірлік кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған. Өз кезегінде палата сарапшылары денсаулық сақтау басқармасына орын алған жағдайға байланысты түсініктеме беру жөнінде хат жолдайды. Алайда, осы уақытқа дейін хатқа жауап берілмеген көрінеді. Қазір кәсіпкерлер палатасының өтініші негізінде прокуратура істің ақ-қарасын анықтап жатыр.
Сонымен қатар, кеңес отырысы барысында облыстық фармакологтар қауымдастығының арыз-шағымы да қаралды. Мұнда да облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан заң бұзушылық байқалады. Бұл жолы тегін мемлекеттік медициналық көмекпен қамтамасыз ету аясында дәрі-дәрмек сатып алуды ұйымдастыруда заңсыздыққа жол берілгені сөз болды. Кеңес отырысы барысында бұдан басқа да бірқатар заң бұзушылықтар айтылды. Олардың бірі сотта қаралып жатса, екінші бірін депутаттар өз бақылауына алатын болды.
– Кеңес отырысында қозғалған барлық са-уалдар осыған дейін талай рет айтылған және тиісті мемлекеттік құрылымдардың бақылауында тұр. Ел экономикасының дамуына шағын және орта бизнес субъектілерінің қосатын үлесі зор. Олардың арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Бүгінгі күні олардың құқы мен мүддесін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты институт қорғауда. Мемлекет пен бизнес бір-біріне түсіністікпен қарап, барлық мәселені келісе шешуді үйренуі керек, – деді өз сөзінде кеңесті қорытындылаған сенатор Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар