Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №507 бұйрығына сәйкес бір уақытта 2019 жылғы 24 желтоқсан сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті атынан балалардың жаңажылдық шыршасы өткізіледі. Президенттік жаңа жыл шыршасының тақырыбы «Біз – Еліміздің жарқын болашағымыз!».
Ақмола облысында Қазақстан Респуб-ликасы Президенті атынан балалардың жаңажылдық шыршасы «Меруерт» мейрамханасының базасында өткізіледі.
Балалардың жаңажылдық шыршасына оқу үздіктері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9 жастан 13 жас аралығындағы 180 балалары қатысады.
Балалар шыршасының қатысушылары үшін Жаңа жылды мерекелеу 23 желтоқсанда басталады. Балалар үшін 23 желтоқсан күнінің екінші жартысында М.Ғабдуллин атындағы, тарихи-өлкетану мұражайларында, Ш.Құсайынов атындағы қазақ драм театрында «Ару қыз бен құбыжық» театрландырылған қойылымы, кешке Көкшетаудағы №1 құрылыс-техникалық колледжінде мәдени-көпшілік бағдарламасы ұйымдастырылады.
24 желтоқсан сағат 11.00-де балалар үшін «Меруерт» мейрамханасының есігін ертегі кейіпкерлері ашады. Залда «Мейірімділік жолында көмектесетін күш – достық!» атты жаңажылдық театрландырылған көрініс басталады.
Жаңажылдық шыршаның ертегілік көрінісі дәмді дастарханмен және кәдесый сыйлықтарын табыстаумен аяқталады.