Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектер тегін оқып, мамандық алады - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектер тегін оқып, мамандық алады

Көкшетаудағы «IndiGo» білім беру орталығының базасында «Шекарасыз жұмыс» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқытуға және оларды жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Бүгінде «IndiGo» білім беру орталығының директоры Абылай Исиннің айтуынша, әрбір адамға кез-келген мамандықты игеруге және өз бетінше жұмыс істеуге қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған.
–Біздің бірегей білім мен пайдалы дағдылар студиясы барлық азаматтарға арналған тренингтер мен курстарды өткізеді. Бұл жас аналар, балалар және өздерінің кәсіпқойлығын арттырғысы келетін әр түрлі компаниялардың қызметкерлері. Сондықтан, біз команда мен автордың әлеуметтік жобасын жасадық, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көңіл бөлетін боламыз, – дейді орталық директоры.
Жобаның негізгі бағыты – мүгедектердің әртүрлі заманауи салаларда білім алуы. Оқу курсы екі ай ішінде өтеді және SMM, Интернет-маркетинг, графикалық дизайн, копирайтинг сияқты мамандықтарды қамтиды. Болашақта курстарды бітіретін адамдарға ұйымдастырылатын компания есебінен оқыту тегін жүзеге асырылатын болады.
Оған қоса, оқу орталығының директоры алдағы жоспарларымен де бөлісті:
–Қоғам бүгінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасын өзгертуі керек. Біздің орталықтың міндеті – сондай адамдарға олардың мүмкіндіктері шектеулі болып қалмауын үйрету. Сондықтан да, бұл жоба «Шекарасыз жұмыс» деп аталады.
Міне, осылайша бірінші наурызға дейін біз 50 адамды, жылдың соңына дейін 200 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, келесі жылы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 және №4 түзету мектеп-интернаттарында заманауи мамандықтар бойынша үйірмелер енгізуді де қолға алатындары мәлім болды.
Тағы бір айтарымыз, орталық жақында есту қабілеті нашар екі адамның мәселесін шешуге атсалысқан. Олармен Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығы арасында байланыс орнатқан. Бұл жоба шынымен де, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пайдалы болатынына сенім артамыз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар