Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлық деп білгеніміз жөн - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлық деп білгеніміз жөн

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрмысы төмен отбасылардың несиесін мемлекет өтейтіні туралы Жарлығы көп балалы аналарға әжептәуір қолдау болған еді.

Несие алып, төмен тұрмыстық жағдайына байланысты оны төлей алмай отырған көп балалы аналар мемлекет тарапынан жасалған жеңілдіктің арқасында әлеуметтік жағдайларын біршама жақсартып алды. Енді міне, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек белгіленді. Бұл көп балалы отбасыларды қуантып отыр. Отбасын асыраушы азаматтардың жалақылары айлық несие көлемін төлегеннен кейін, тұрмыстық қажеттіліктерге, жалдамалы пәтеріне жетпей жатады. Менің де төрт балам бар. Үлкеніміз мектепке барады. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Пәтер жалдап тұрамыз. Бір ғана жолдасымның айлығына қарап отырмыз. Жасыратыны жоқ, қаржы жетпей қиналып қалатын кездеріміз болады.
Сондықтан, төрт балаға 42 мың 500 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды біздің отбасымызға мемлекет тарапынан тікелей көрсетілген көмек деп есептеймін. Алдағы уақытта атаулы әлеуметтік көмек деңгейі бұдан да көбейіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Жазира ЕСКЕНОВА,
көп балалы ана.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар