Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт ұлылығын таныту – елдік пен бірлік келбеті - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт ұлылығын таныту – елдік пен бірлік келбеті

Қазақ елі – өзінің өткенін, тарихын, мәдени мұрасын үнемі мақтанышпен дәріптеген текті халық. Небір зобалаңды бастан кешірсе де өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарай білген парасатты ел.
Бүгінде ХХІ ғасырдағы дамыған тәуелсіз қазақ елі Ұлы Абай мұрасын бүкіл әлемге тағы бір қырынан паш еткелі отыр. Ұлы данышпанның 175 жылдығы мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді.
Абай шығармашылығы – өміршең, қашанда өзекті, ұрпақ үшін қай ғасырда да рухани азық, өнегелі тәрбие жолы. Парасаттылық пен әділеттіліктің айқын көрінісі, қайнар бұлағы. Осы тұрғыдан, Абай мұрасының бүгінгі ХХІ ғасырдағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік, мәдени дамуында алатын орнын мемлекет басшысы жоғары бағалаған. Абай шығармаларындағы ғылым мен білім тақырыбының бүгінгі білім беру жүйесінің негізіне, идеясына айналып отырғаны анық. Мақалада Мемлекет басшысы: «Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз», – деп бүгінгі жас ұрпақтың білім мен ғылымды игерудегі құлшынысына серпін береді.
Абай тіл үйренуді дәріптеді, насихаттады. Тіл білудің пайдасын танытуды мақсат етті. Әлем тілдерін меңгеру ғаламдық өркениетке құлаш сермеудің бірден-бір кепілі екенін бүгінгі күн айқын көрсетіп отыр. Ұлы Абайдың өзекті мәселені өз ұрпағының игілігі үшін сол кезде көтеруінің өзі оның данышпандығын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мақаласы елдік пен кісіліктің, парасат пен пайымның темірқазығына айналған Абай мұрасын замана көкжиегінен бағамдап, зерттеп-зерделеуге тың серпіліс беретіні қуантады.
Нұргүл СМАҒҰЛОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар