Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылға шынайы жанашырлық керек - АРҚА АЖАРЫ

Ауылға шынайы жанашырлық керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 қаңтар күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі агроөндіріс кешеніндегі ахуалға көңілі толмайтындығын ашық айтты. Соңғы 5 жылда аталған салаға 2,4 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгеніне қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5 пайыздан аспайды. Еліміздің экспорт әлеуетін көтере алмағанымызды, сондықтан азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отырғанын атап өтті.
– Бізде Агроөндіріс кешенін дамытудың бесжылдық бағдарламасы бар. Онда аталған саланың мақсаты мен міндеті, нақты өндірістік және экономикалық көрсеткіштері жазылған. Демек Үкіметтің жоспарлары мен негізгі басымдықтары айқын. Сонымен қатар, қолдау шаралары, яғни, субсидия беру тәсілі жыл сайын өзгереді. Соңғы 5 жыл ішінде бөлінген қаржы 2 триллион теңгеге жетті. Бұл ретте субсидиялар 47 рет өзгерді. Үкіметке мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын, олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бұл тапсырма әзірге орындалмады. Нақты шешімдер мен ұсыныстар күтемін, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін теледидардан мұқият тыңдадым. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сондай-ақ ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды. Біз селода тұратын адамдарға жан-жақты көмектесеміз. Олардың тұрмысын жақсартуға тырысамыз. Тұрғындар өзге елді мекендерге қоныс аудармауы үшін барлық мүмкіндікті жасаудамыз.
Біздің наубайхана село тұрғындарын нан өнімдерімен және мал азығымен қамтамасыз етеді. Бір бөлке нанды 35 теңгеден сатамыз. Селоны абаттандыруды, жолды қардан тазалауды, мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды өз мойнымызға алдық. Әкімшілік ғимаратта дәмхана, бильярд пен жаттығу залы жұмыс істейді. Зейнеткерлер мен мектепке материалдық көмек көрсетеміз. Сондай-ақ, селода өтетін мәдени шараларға жыл
сайын 1 миллион теңге бөлеміз. Өз қаржымыз есебінен Егіндікөл селосында Абылай ханға ескерткіш орнаттық. Аң және балық шаруашылығымен де айналысамыз. Осының бәріне мемлекет қолдауының арқасында қол жеткіздік. Біз тұрғын үй және өзге де ғимараттар құрылысымен, су құбырын тартумен айналысамыз. Өзім басқаратын «Қараменде би» қоры арқылы жерлестеріме көмектесемін. Алға белгілеген жоспарымыз ауқымды. Оның бәрі жүзеге асса, село тұрғындарының тұрмысы жақсара түседі.
Қазақтан Президенті фискальды сая-сат та жаңғыртуды қажет етеді деп санайды. Оның негізгі міндеті – бюджетке қаржының тұрақты түсуін қамтамасыз ету, ұлттық кірісті әділетті бөлу, экономикалық өсімнің сапасы мен құрылымын жақсарту. Микро және шағын бизнесті салықтан босату оның дамуына тың серпін беретінін көрсетті. Бірақ жаппай салықтан босату айтарлықтай теріс әсер беруі мүмкін. Сондықтан, көп ойланып, оң шешім шығарған дұрыс.
Әбілқайыр ОШАҚБАЕВ,
«Қоржынкөл-А» серіктестігінің
бас директоры.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар