Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихымызда қалатын ТОҚСАН ҮШ КҮН - АРҚА АЖАРЫ

Тарихымызда қалатын ТОҚСАН ҮШ КҮН

Елордамыз – Астана қаласында 2017 жылы өтуге тиіс Бүкіләлемдік мамандандырылған халықаралық көрменің ашылуына да тура екі жылдай уақыт қалды.

Елімізде бұрын-соңды мұндай әлемдік деңгейдегі өте ауқымды шараның өтпегендігін ескерсек, Қазақстанның мүмкіндігі мен жалпы әлеуетінің қандай екендігі таразыға түсетін сәт осы болмақшы.  2017 жылғы 10 маусым мен 10 қырқүйек айлары аралығында өтетін бұл шараға әлемнің 100 елі қатысады деп межеленсе, сондай-ақ, 10 халықаралық ұйым, әлемдік деңгейдегі 50 компания қатысуға өтініш түсірген. Осылардың бәрін есептей келе, көрмені тамашалауға келетіндер саны екі миллион адамнан асады деген ой бар. Ал, келушілердің біразы, оның ішінде бизнесмендер мен қаржыгерлер, басқа да мүдделі тұлғалардың көрмені бірнеше рет аралауы мүмкін екендігін ескерсек, жоғарыда айтылған цифрдың 3-4 миллионға жетуі әбден мүмкін.

 

Мұның бәрі қандай тыңғылықты дайындықты, көрмені ұйымдастырудың қаншалықты жоғары деңгейде болу керектігін аңғартады. Бұл –  Астанада бұған дейін де, әлі де талай өткізілетін екі-үш күндік той-думан емес. Тіпті, өткізерде талай алашапқын болған Азия ойындары да бұл ауқымды шараның ширегіне де келмейді. Күні кеше ғана өткен МузТв байқауындағыдай, түрік ағайындар мақтап салған Астана-аренаның төбесі бір жаңбырға шыдамағанының куәсі болдық.  Әлемнің кілең «сен тұр мен атайын» дейтіндей алпауыт компаниялары, қалталарының қалыңдығы біздің бюджетімізді екі орап алатындай қаржыгерлер жиналатын алқалы жиында ондай келеңсіз жайларға жол берсек, ұят  сонда болады.
ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысын, оған қажетті құрылыс және басқа да мәселелерді Елбасының өзі тікелей бақылауға алып отырғандығы да осыған байланысты. Дегенмен,  бізде әлі де болса «тезірек бітіріп, ақшамды алсам болды» деген ындын түбегейлі жойыла қоймағандығы да жасырын емес. Оның айғағы ретінде Астанадағы мақтаулы құрылыстардың көпшілігінде ірілі-ұсақты ақаулардың аз еместігін айтуға болады.
Президентің «Астана ЭКСПО-2017» акционерлік қоғамы басшысын орнынан алып, ол лауазымға Әділбек Жақсыбековты тағайындауы да бұл алып құрылыста бәрі ойдағыдай деуге ертерек-ау деген ойға жетелейді. «Көш жүре түзеледі» дегенді көлденең тартуға үйренген халықпыз ғой, бұл арадағы олқылықтардың орны толар деп сенейік.
Тарихқа шамалы көз жүгіртсек, мұндай ауқымды халықаралық көрме өткізу сонау 1851 жылы Лондонда бастау алған ғой. Одан кейін қайда, қалай өткендігін жіпке тізбей-ақ, 1925 жылы Парижде өткен осындай көрмеге қазақтардың арасында алғашқы болып табаны тиіп, «Ағаш аяқ» пен «Балқадишаны» шырқаған Әміре Қашаубаев еске түседі. Енді міне, араға талай жылдар салып, Тәуелсіз Қазақстан ел болып, аталмыш көрмені Сарыарқаның төрінде, әлемдегі ең жас  Елорда – Астанада өткізгелі отыр. Яғни, осы уақытқа дейін мақтанғанымызды жиып қойып, шын мәнінде қарқынды дамып келе жатқан, әлемдегі ең өркениетті, экономикасы тұрақты алға басып келе жатқан 30 елдің қатарынан нық орын алу жай қиял емес, ісімізбен, әлемге көрсетіп отырған әлеуетімізбен дәйектелген әрекет екенін көрсететін сәт осы болмақ.
Биыл осындай көрме Милан қаласында өтіп жатыр. Келіп түскен хабарларға қарағанда  ондағы Қазақстан павильоны тамашалаушылар саны жағынан ең алдыңғы қатарда  екен. Барлығы 3000 шаршы метр жерді алып жатқан «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» атты павильонның көрмеге келушілердің басым көпшілігінің назарын аударғандығы қуантады. Сондай-ақ, ол жерден көп мәселеге үйренуге болады, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік мол.
Әрине, бізде өтетін бұл шараға әлі екі жыл уақыт бар. Яғни, Елбасы тапсырмасына орай, барлық құрылыс 2017 жылдың басына дейін толық аяқталатын болса бәрі өз деңгейінде болады деген сенім бар.
Бүгінге дейін Франция, Швейцария, Литва  және басқа да 10 мемлекет өздерінің Астанадағы көрмеге қатысатындықтарын мәлімдеді. Қазірдің өзінде әлемнің көптеген мемлекеттерінен келетін қатысушылар өкілдері ЭКСПО қалашығының құрылысы мен қазіргі аһуалы, көрменің негізгі тақырыбы, жергілікті және халықаралық дәрежедегі көрменің насихатталуы сынды мәселелермен танысуда.
Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» акционерлік қоғамының бастамасымен құрылыстан басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Олардың бәрі Астанада өтетін көрмені  кеңінен насихаттауға бағытталған. Мәселен, «Ұлттық орман отырғызу күні» аясында 1630 көшеттен тұратын «ЭКСПО-2017» атты саябақтың негізі қаланды. Бұл шараға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатынын растаған дипломатиялық миссия өкілдері де белсене қатысты.
Сонымен,  негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» болып табылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге деген даярлық жұмыстары қызу қарқын алды. Үш айға, нақтырақ айтсақ 93 күнге созылатын бұл ауқымды шара әлемдегі қарқынды дамыған 30 елдің қатарынан нық орын алуды  басты мақсат санап отырған Қазақстан үшін үлкен сын, жоғары деңгейде ұйымдастыра білсек, еліміздің абыройын асқақтата түсер шара болмақ. Жайшылықта етек-жеңімізді қымтамай жайбарақат жүргенімен, сындарлы шақта тас-түйін болып біріге қалатын халықтың ұрпағы болғандықтан, «ЭКСПО-2017» көрмесін жоғары деңгейде өткізетінімізге күмән жоқ. Яғни, көрме  талайды тамсандырған  тоқсан үш күн болуға тиіс.

 

Талғат ҚАСЕН

Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар