ОҚЖЕТПЕС

Самсап жауған садақ оғы жетпеген,
Биіктікті мен үйрендім тек сенен.
Тағдыр мені қалжыратқан кездері,
Саған қарап қиындықты еңсерем.

Сәкен, Мағжан жырлап өткен Оқжетпес,
Биік тау көп, болмас бірақ, сен тектес.
Қазағымның намысын сен қамшылап,
Тұрғандықтан, етегіңнен ел кетпес.

Бала кезден таныспын ғой өзіңмен,
Көрсемші деп армандаумен көз ілгем.
Келген сайын тәу етемін мен саған,
Сол балалық, бейкүнә бір сезіммен.
О, Оқжетпес!
Бабалардың сөзісің,
Кешегі өткен Абылайдың көзісің!
Хан Кененің сайрап жатыр іздері,
Мәңгі өшпес әз-тарихтың өзісің.

Батырлықтың куәсі деп білеміз,
Жырға қосып, аңыз қылып жүреміз.
Қадірлейтін халқым барда тарихын,
Баурайыңнан табыламыз, біргеміз!

Нұрлан ҚАЛҚА.
Бурабай, 8 желтоқсан 2019 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар