Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек ұжымына барып, ой бөлісті - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек ұжымына барып, ой бөлісті

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары жөніндегі облыстық комиссияның өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Агример-Астық» серіктестігінде өткізген кездесуіне элеватор ұжымы белсене қатысты.

Мұны облыстық ішкі саясат, облыстық кәсіподақтар бірлестігі, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің, медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысқан жиында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қарастырылғанымен байланыстырдық.Әуелгі сөзді алған облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Вячеслав Панасюра қоғамдық өмірдегі тұрақтылықты, этносаралық түсіністік пен бейбітқатар тіршілікті қамтамасыз ету, тұрмыстық әл-ауқат ауқымын арттыру мемлекеттік органдар қызметінің өзегі саналатындығын атап өтті.
– Әйткенмен, оң өзгерістерге қарамастан, үнемі назарда ұсталатын жағдайлар да бар. Мәселен, үш ауысымдық мектептер, дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі, жалақының уақытылы төленбеуі, жұмыс орнын негізсіз қысқарту, жекелеген елді мекендерде ауыз судың жоқтығы, тарифтердің тұрақсыздығы, жер теліміне қатысты келіспеушіліктер халықтың қынжылысын тудырады. Бұл мәселелер үнемі назарда ұсталуда. Жуырда облыс әкімі Е.Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық мекемелердің басшыларымен бірге азаматтарды қабылдап, 300-ден астам ақмолалықтың өтініш-тілегін қарастырды. Билік пен халық арасындағы байланысты нағайтудың басқа да шаралары кеңінен қолданылуда. Бұл өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығына септік жасайды.
Бұдан кейін бас маман елді дүрліктірген шетелдік нөмірлердегі көліктерді мемлекеттік тіркеудің маңыздылығына тоқталды. Ресми деректер бүгінгі күні Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам автомобильдің елімізге алып келінгенін айғақтады. Бұл машиналар, республика заңнамаларына сәйкес міндетті түрде тіркелеуі керек. Біріншіден, бұлардан салық түспейді, екіншіден, көптеген автотехника қолданыстағы стандарттарға сай келмейді. Осының салдарынан, 2019 жылы 93 мың құқық бұзушылық орын алғанымен, 1 миллиард теңгеден астам айыппұл бюджетке түспей қалған. Ал, біздің облысымызда, 2020 жылдың алғашқы айларында ғана 12 жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам көз жұмды (былтыр 10) және 28 кісі (83) түрлі жарақат алды. Үкімет қалыптасқан жағдайларға байланысты бір жылдық жеңілдіктер қарастырды. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалу қажет.
Ақмола облыстық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов қоғам қазір үлкен өзгерістер үстінде екендігін айта келіп, арнайы «Жол картасы» қабылданғанын мәлімдеді. Өңірдегі 12200 мүшесі бар 99 бастауыш ұйым онда белгіленген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытуда. Былтыр күшіне енген төменгі жалақының 42500 теңгелік көрсеткіші талапқа сай келмейді. Ендігі жерде бұл орта жалақының 30 пайыздық деңгейімен өлшенуі және бұл цифр жыл сайын осыған сәйкестендіріліп отырылуы керек. Сонымен бірге, Қали Рахметов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кәсіподақтардың басты міндеті екендігін атап өтті. Былтыр өндірісте 12 адам қайтыс болыпты. Кейбір жарақат алу фактілері жасырылып қалуда. Мұның барлығы ұжымдық еңбек шартының жасалмауынан орын алады. Мәселен, Жақсы элеваторында жұмысшы қайтыс болып, үш бала асыраушысыз қалған. Отбасына қандай жәрдем көрсетілгені белгісіз. Өйткені, мұнда кәсіподақ ұйымы құрылмаған. Еңбек даулары әдетте сотқа жетпей жатады. Бұл да еңбек адамы мен жұмыс берушілерді ойлантуы тиіс.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің басшысы Марал Жақыпова бағдарламаның барлық бағыттары бо-йынша облыста атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Бағдарлама қолға алынған үш жыл ішінде 15,1 миллиард теңге қаржы игерілсе, мұның 5,5 миллиард теңгесі 2019 жылдың еншісінде екен. Бұған қоса, 2020 жылы әлеуметтік тапсырыстарды орындау үшін үкіметтік емес ұйымдарға 8 миллион теңге қаржы бөлініпті. Жалпы, былтыр 500 мыңнан астам адамды қамтыған 6 мыңдай әртүрлі шаралар өткізіліпті. Сондай-ақ, ол 2019 жылдың бірінші желтоқсанында өңірлік жобалық офис құрылғаны, мұнда 44 кабинет, 2 «Рухани жаңғыру» кафедрасы, сараптамалық кеңес жұмыс істейтіні туралы мағлұмат берілді.
Еңбек ұжымындағы кездесуде «Медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Ақмола филиалының бас сарапшысы Ерік Ерсалдин биылғы 1 қаңтардан күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жай-жапсары туралы түсінік берді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар